«Шымкенттің туристік келбетін ашатын 3 инвестициялық жоба әзірледік»

Т.Ахметов, Шымкент қалалық Туризм басқармасының басшысы:

Шымкент қаласында орналасқан туристік нысандар көп болғанмен, келген туристер 3-4 күнге аялдамайды. Осы олқылықты толтыру мақсатында 3 туристік инвестициялық жоба әзірлеп отырмыз.

tories/20122019-11.jpg» border=»0″ />

Оның біріншісі — «Ескі қалашық» жобасы, ол туралы көп айтылып жүр. Екінші жоба – Бадам суқоймасы жанынан құрылатын ойын-сауық кешені. Ол кешенде суда шомылудан бастап, қайықпен жүзу, аквапарктер, атракциондар секілді ірі құрылымдар орналасатын болады. Үшінші жоба – көне Сайрам қаласының орнын қайта қалпына келтіріп, музей-қала жасақтау. Ол жоба – алыс перспективалық жоба. Осы жобалар жүзеге асса, Шымкентке келген қонақтар сапарларын 1-2 күнге емес, бірнеше күнге жоспарлайтын болады. Бұл өз кезегінде тек туризм саласы ғана емес, орналастыру орындары, көлік тасымал, қоғамдық тамақтану салаларын да қоса дамытатын болады деп сенемін.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика