ТҰРАНДАҒЫ ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ӘКІМНІҢ ӨЗІ ТЕКСЕРДІ

 Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағын ауданындағы жаңадан бой тіктеген тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексеріп, мердігер мекеме басшыларымен кездесті.
Атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, сала басшыларына жұмыстың мерзімінде орындалуын қадағалауды тапсырды.
Мұндағы 176 пәтер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «5-20-25» бағыты бойынша үй кезегінде тұрған азаматтарға «Отбасы банкі» арқылы берілуде.
Өткен айда шаһар басшысына тұрғындар тарапынан «Отбасы банкі» жариялаған конкурстың нәтижесі бойынша төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға пәтерлердің уақытынан кешіктірілгені жайында шағым түскен. Осыған байланысты Мұрат Әйтенов жауапты мердігер мекеме басшыларымен құрылыс басында кездесіп, жұмыс барысын талқылады.
Мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жобаларда кедергі болған мәселелер толықтай шешімін табатынын атап өтті.
Кемшіліктің 99 пайызы құрылыс алаңында анықталып, дер кезінде жойылуы керек деген басқарма басшысы сапаны бақылайтын мекемелерге қатаң талап қойылып жатқанын жеткізді. Яғни, оларда арнайы лабораториялық құрылғылары болуы керек дейді. Сондай-ақ, мердігер мекемелердің де жауапкершілігі артқан.
«Сапасыз тұрғын үй салушылармен әңгіме қысқа болады»,- деді қала әкімі . Бірақ тұрғындар да өз үйінің жұмысын жіті бақылауы керек екендігін ескертті. Осындай проблемаларды болдырмау үшін қабылдаушы тарап нысанды егжей-тегжейлі тексеріп алған жөн. Егер, тұрғын үй құрылысында ақаулық табылса, сотқа бірден шағымдануға кеңес берді .

Ерғали Білісбеков, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Бізде 5 жылға дейін кепілдік бар, өйткені компаниялардың өзінің міндеттемелері бар. Егер міндеттемені орындамаса, сіздердің тараптарыңызда болып, компаниямен соттасамыз. Мен тұрғын үй құрылыс басшысына нақты тапсырма бердім. Мен үнемі былай деймін: Қаланың әкімшілігі бөлек өзі бір тұрған орган емес, бұл сіздердің әкімшіліктеріңіз. Сондықтан, біз сіздер жақта болып, айтқандарыңызды қолдап, сотқа дейін баруға дайынбыз».

Сонымен қатар, шенеунік тұрғын үй алу кезіндегі жемқорлық туралы да айтты. Сөзінше, ел арасында ақша берсең ғана баспаналы боласың стеоротип қалыптасқан. Егер мемлекеттік қызметкерлер арасында кімде-кім пара сұраса, тұрғындардан бұлтартпас дәлелмен келіп арыз жазуын өтінді.

Related Posts

Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика