2024-09-23

«TEṄ QOḠAM»  ОРТАЛЫҒЫНАН  8 МЫҢ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТ  ҚЫЗМЕТ АЛДЫ 

Шымкентте мүгедектігі бар әрекетке қабілетті азаматтарға ақпараттық-консультациялық, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсететін “Тең қоғам” орталығы жұмыс істейді.
Әлеуметтік мекемеде мүгедектігі бар азаматтар бос уақытын тиімді пайдалана алады және компьютерлік сауаттылығын ашуға мол мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ мұнда арнайы жабдықталған 300-ге тарта кітап қоры бар. Зағиптарға арналған оқу машинасы және Брайль әліпбиі негізінде жазылған көркем шығармалар жинағы да топтастырылған.
Келушілерге аталған қызметтерді жүзеге асыруға арнайы мамандар жәрдем көрсетеді. Қызмет алушылардың өмірлік белсенділіктерін арттыру үшін шахмат, тоғызқұмалақ сынды ұлттық зияткерлік ойын түрлерін үйренуге барлық жағдай жасалған.
Орталық 2021 жылы іске қосылған «Әлеуметтік порталмен» қолдану жолдарын үйретеді және «Инватакси» мен «Әлеуметтік таксиге» қатысты барлық ақпаратты ұсына отырып, «Бір терезе» қағидасымен 5 бағытта қызмет көрсетуде. Мәселен, әлеуметтік такси қызметіне 791 адам жүгінсе, 1045 азамат санаторий-курорттық емделуге жолдама алған, ал 564 адам инватакси қызметін пайдаланған. Жалпы жыл басынан бері 8216 мүгедектігі бар азаматқа қызмет көрсетілген.
Осындай санаттағы тіркелгендер саны Шымкентте 38 775 құрайды. Оларға қолайлы жағдай жасау, жайлы орта құру, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету үшін мемлекет тарапынан қарқынды шаралар жүргізілуде.
Орталықтың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс істеу. Оларға қоғамдағы әлеуметтік көмектің барлығы дұрыс деңгейде көрсетілуі керек. Жұмысқа орналастырудан бастап, құқықтық, психологиялық кеңес беру, кәсіпке баулу, қажетті құралдармен қамтамасыз ету басты мақсат болмақ. Қаламызда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың түрлі қауымдастықтары бар. Сол қауымдастық мүшелерінің пікірлерін тыңдап, «оларға қалай қолайлы жағдай жасалу керек» деген ұсыныстарын тыңдап, талқылап, жағдай жасау. «Тең қоғам» орталығы – осындай мақсатта жұмыс істеп келеді.
Нәтижесін беріп, көптің алғысына бөленіп те үлгерді.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика