Әкеден балаға мирас болған мамандық

Өрт сөндірушілердің қызметі қауіпті. Дегенмен, алға қойған ең басты міндеті – халықтың тыныш өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Осындай қиын да, қауіпті қызметпен өмірін байланыстырған отбасылар баршылық. Солардың бірі —  Каденовтер отбасы. Бұл отбасыда әкелі-балалы Каденовтер өз өмірлерін өртпен күреске арнаған жандар.

Ардагер өрт сөндіруші Ж. Каденұлы

Жұмабек Каденұлы Жуватов қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданының тумасы.  Жергілікті мектепті бітіргеннен соң, әскерге аттанып, Отан алдындағы борышын өтейді. 1987-1989 әскери училищеде оқып, арнайы өрт сөндіруші техник мамандығы бойынша тамамдап шығады. 1989-1997 жылдар аралығында Киров аудандық ішкі істер бөлімінде инспектор қызметін атқарды. Шұғыл ден қою жасағына жетекшілік жасайды. 1997-2010 жылдар аралығында Мақтаарал ауданындағы №3 маманданлырылған өрт сөндіру бөлімін басқарады. 2010-2012 жылдары Өскемен қаласындағы өрт сөндіру мекемесінде басшылық қызмет атқарады. 2013 жылы полковник шенінде зейнеткерлікке шығады. Осылайша Жұмабек Каденұлы  өз өмірінің 25 жылын осы салаға арнаған.

Жас өрт сөндіруші А. Каденов

«Әке — балаға сыншы» дегендей, бүгінде ол кісінің ұлы әке жолын жалғастырып отыр. Алиби кішкентай кезінен әкесінің қызық та, қиын қызметін көріп өсті. Ол жұмыстан келгенде қасынан айналшықтап шықпай, көп сұрақ қоятын. Жұмабек Каденұлы  жұмысынан шаршап- шалдығып келсе де, баласының меселін қайтармай, сауалдарына жауап беретін. Сөйтіп, жасөспірім бала болашақ мамандығы туралы жақсы хабардар болды. №8 «Жеңіс» көп салалы мектеп гимназиясын аяқтаған Алиби әке жолын жалғап, өрт сөндіруші мамандығын таңдайды. Көкшетау техникалық институтына оқуға түседі. Төрт жыл бойы бұл мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, институтты  тамамдағаннан соң жас маман ең алғашқы қызметін Нұр-Сұлтан қаласындағы №7 өрт сөндіру бөліміне қарауыл бастығы лауазымынан бастады. 2017 жылы Шымкент қаласы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қарамағына  қызметке ауысты. Мұнда қарауал бастығы лауазымында қызмет атқарады. Біліктілігі мен білімінің арқасында өзін жақсы қырынан көрсете білді.  Шымкент қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары қызметін  атқарады. Қазіргі таңда жас маман — Алиби Каденов  мамандандырылған жасақ бастығының орынбасары лауазымында.

Өз жолын жалғаған ұлына әрқашан қолдау көрсететін Жұмабек Каденұлы  ұлына әрдайым тәлімгер болып, жол көрсетіп қиын да қауіпті мамандықты игеруге көмегін көрсетуде. Ұлынан үлкен үміт күтеді.  Осылайша олар отбасымен бір-біріне  қолдау көрсетеді.

Бірлігі жарасқан осындай отбасылар — Отанымыздың  берік болашағы.

Б. Әбілқасым

Шымкент қаласындағы  мамандандырылған жасақ инженері азаматтық қорғау лейтенанты

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика