Музей – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, басқа да мұраларды жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Дүние жүзі мәдени қауымдастығының Халықаралық музейлер кеңесінің Бас конференциясында 18 мамыр – «Халықаралық музейлер күні» болып бекітілген. Музей арқылы кез-келген қоғам тарихи-мәдени мұраларға деген көзқарасын, құрметін білдіреді. Есте жоқ ескі замандардан қалған рухани және материалдық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтай отырып, музейлер ауқымды деңгейдегі ғылыми-ағарту, білім, тәрбие ісін жүргізеді.
Осы орайда, тәулік бойы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген шымкенттік өрт сөндіруші және құтқарушылардың тарихынан сыр шертер өз музейі бар. Өрт сөндіру қызметінің және батыл жандардың мамандығы туралы Шымкент қаласы Темірлан тас жолы мекен-жайындағы мамандандырылған жасақтың аумағында орналасқан құтқарушылардың музейімен танысуға болады.
Аталған музейде танымдық мәліметтер, кәсіби міндетін орындап өз өмірін қауіпке тіге отырып, соңғы минутқа дейін отпен күресіп, қайсарлық пен жанқиярлық танытқан өрт сөндірушілер туралы сыр шертетін экспонаттар қойылған. Сондай-ақ, қала аумағанда орын алған өрттер, оны сөндіру барысында өрт сөндірушілеріміз бен құтқарушыларымыздың ерліктері айнытпай көрсетілген арнайы жасалған макеттер дәл бір сол сәттегі оқиғаны көз алдыңызға елестетеді. Өз кезеңінде музей құтқарушыларымыздың қызметін насихаттайтын экспонаттармен толықтырылып отырады.
Музейде балалардың қатысуымен түрлі экскурсиялар өткізіледі. Балалардың аса қызықтайтыны Түрлі суреттер мен өрт сөндірушілердің арнайы киімі. Музейге қойылған өрт кезінде қолданылатын жабдықтар бұл батыл мамандық иелері қызметінің қаншалықты қиын да, қатерлі екенін көрсетеді. Сонымен бірге, бұл музейге қызметкерлеріміздің жанұялары да жиі келіп, өздерінің осы салада жұмыс атқаратын жақындарының қызметімен танысады. Жаңадан жұмысқа орналасқан жастар үшін де бұл қызметтің қыр-сырын білуге үлкен септігін тигізуде. Оларға музейде өткізілген сабақтар жастарды тәрбиелеу жолындағы айнымас бір бөлігі.
Тарихымыздан көп мәлімет біліп, қолда барымызды қадірлеуде мұндай музейлердің атқарар рөлі зор.
С. Ташимбаев
Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің бастығыазаматтық қорғау майоры
Leave a Reply