Әкімшілік юстиция-мемлекеттік басқару жүйесіндегі заңдылықтың сақталуына мониторинг жүргізу үшін арнайы органдардың немесе арнайы соттардың жүйесі, яғни бір жағынан азамат немесе ұйым, ал екінші жағынан мемлекеттік орган арасындағы әкімшілік және құқықтық дауларды шешудің арнайы рәсімдік процедурасы. Әлемнің көптеген елдерінде осындай жүйе құрылған. Әкімшілік әділеттілік заңның үстемдігінің, мемлекеттік басқарудың және әкімшілік құқықтың маңызды сипаты болып табылады.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (әрі қарай-АРПК) жеке азаматтар мен бизнестің әкімшілік органдармен дауларды шешу тәртібін реттейді.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.
Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу АРПК-де баяндалған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.
Қағидаттардың қатарында сенім құқығын қорғау, мөлшерлестік, құқықтардың басымдығы, ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу қағидаттары бар.
Мемлекеттік органдарымен дауласу барысында тараптарға татуласу мүмкіндігі берілген. Әкімшілік сот ісін жүргізу мен сот шешімін орындаудың ақылға қонымды мерзімін атауға болады.
Сонымен қатар, шешімнің орындалмағаны үшін сот мемлекеттік органга және кез келген шенеунікке айыппұл сала алады.
Әкімшілік әділет жүйесін енгізу маңызды реформа және бұл халық үніне құлақ асатын мемлекет құрудың тиімді құралы болып табылатынын ескеру қажет.
Г.Ә.Ерназарова
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы
Фотосурет интернеттен