ЖАЛҒАН ҚОҢЫРАУ ШАЛСАҢЫЗ, ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАСЫЗ!

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі «101» мен «112» болып енгізілген. Дер кезінде өртке қарсы қызметті шақырту – адам өмірі мен дүние-мүлкін құтқарады.

Алайда, бүгінде аталмыш нөмірге қоңырау шалу еркелік пен ойынға айналуда. Жалған қоңырауды екі топқа бөлуге болады: «қателікті» және «әдейі». «Қателікті» шалынған қоңырауға шақырушының су буын, басқа жұмыстардың нәтижесінде пайда болған түтінді үлкен қашықтықтан өрт ретінде қабылдауын жатқызуға болады.

Мамандандырылған қызметтерді «жалған», «әдейі» шақыру заң бойынша жазаланады. Осыған байланысты, арнайы шұғыл қызметтерді телефон арқылы жалған шақыру, не басқа мақсаттар үшін пайдалансаңыз, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыныңызды ескертеміз.

Абай аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері бұзақыларды қазіргі заманғы техникалық құралдар арқылы тез, әрі оңай анықтай алатынын мәлімдейді.

А. Туранов

Абай ауданы ТЖБ басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика