АУРУХАНАІШІЛІК ЖҰҚПАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Ауруханаішілік инфекция — науқастар стационарға тексерілуге немесе емделуге келгенде жұқтырып алған аурулар болып табылады. Қысқаша, АІИ –бұл әртүрлі жұқпалы аурулардың жиынтығы.  

АІИ шығу көздері:

  1. Инкубациялық кезеңінде стационарға түскен жұқпалы аурулары бар адамдар.
  2. Карантин мерзімін ұстамайтын соматикалық ауруы бар адамдар, ағзасында патогенді стафилокок, стрептококтар, ішек инфекциялары, полиомиелит инфекциялары бар адамдар.
  3. Науқастар мен қызметкерлер.

АІИ пайда болуының бірнеше себептері бар:

  1. Микроағзалардың тіршілік ету ортасымен қасиеттерін өзгертуі.2. Тәжірибеде күрделі оперативті заттарды қолдану.3. Стационарға ерте жастағы балалармен қарт адамдардың көп түсуі.4.Антибиотиктерді жүйесіз рационалды емес қолдану.5. Асептика ережелерін сақтамау.6.Стационарда санитарлық –гигиеналық тәртіптің бұзылуы.

АІИ- мен күресу кезіндегі қиыншылықтар:

  1. Аурухана ішінде қоздырғыштардың кеңінен таралу.
  2. Таралу жолдарының әртүрлігі (ауалы-тамшылы, шаң, жанасу арқылы).
  3. Қоздырғыштардың қоршаған ортаның қолайсыз факторларына тұрақтылығы.
  4. Науқас адамдардың қоздырғыштарды тез қабылдауы, арнайы алдын алу әдістерінің жоқ болуы.

АІИ өсуі мен таралуының себептері өте көп түрлі. Олардың бірі, ауру жұғу қаупі жоғарылау адамдар контингенті деп аталатын, ағзасының қарсылық күші төмендеген адамдар санының көбеюі. Бұлар, дамуында кемістіктері бар, жаңа туған және шала туған балалар, тұншығу жағдайында туылған, босану кезінде жарақаттанған балалар, қарт адамдар, созылмалы аурулары бар науқастар, иммундық тапшылық тудыратын вирус (ВИЧ) жұққан адамдар, гепатит В және С-мен ауратындар, әскери әрекеттер, апаттар нәтижесінде зардап шеккендер және т.б. Мұндай адамдар жақсы күтімнің, күрделі хирургиялық операциялар жасаудың, белсенді емдеудің арқасында тірі қалады, бірақ, олардың ағзасы инфекция агенттерімен жақсы күресе алмайды. Ағзаның қарсы тұру мүмкіншілігі төмендегендерге иммунодепрессанттар, цитостатиктер қабылдайтын, сәулемен емдеу алатын науқастар, сондай-ақ, химиялық және физикалық қарқынды ластанған аудандарда тұратын адамдар да жатады.

Г.Есіркепова

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы СЭББ-ның жетекші маманы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика