Жеке тұрғын үйде ең көп орын алатын өрт аулада болады. Даладағы көп орын алатын өрт объектісі – шөп немесе сабан болып табылады. Шөп өртеніп, соның салдары әрі қарай шаруашылық құрылыстарына ауысады. Шөптің жану себептері сан-алуан. Бұл абайсызда өрт шығуы (өшірілмеген шырпы немесе темекі тұқылы, сөндірілмеген күл, балалардың отпен ойнауы), бөгде тұлғаның абайсызда немесе әдейі өртеуі мүмкін.
Аулада өртті болдырмау үшін отты қолдануда әсіресе күз мезгілінде өте абай болу қажет, өрт күзде тез тарайды. Күзде қоқысты өрт кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандықтан, өрт жиі шығады. Көбінесе, өртті толық сөндірмей қалдыру себінен, жел өрттің ұшқындарын шөпке ұшырып әкетеді де, өрт шығады. Дәл осындай жағдай пештен шыққан күлден де шығуы мүмкін. Сондықтан, өрт қауіпсіздігі ережесінде аулада от жағуға тыйым салынады, ал пештен шыққан күлге міндетті түрде су құйып, арнайы бөлінген қауіпсіз орынға төгілуі тиіс.
Мал қорада тұрақты түрде электр желілері толықтай оқшаулануын қадағалау және жабық түрдегі шамдарды пайдалану қажет. Шөп қораға электр желілерін орнату және кез-келген шамды қолдануға тыйым салынады. Сондықтан, ауланы күз мезгілінде жанатын қоқыстан, шөп қалдықтарынан уақтылы тазарту және оттан барынша абай болу қажет.
Э.Паттахов
Шымкент қаласы, Абай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты