2024-07-27

«БАЛАМЫЗДАН НЕШЕ АЛДЫҢ ДЕП ЕМЕС, БҮГІН НЕ ҮЙРЕНДІҢ?»- ДЕП СҰРАР БОЛСАҚ, КӨП НӘРСЕ ӨЗГЕРЕР ЕДІ»

tom: 0.0001pt; text-align: justify; background-image: initial; background-attachment: initial; background-position: initial; background-repeat: initial;»>Арман Орынбеков,

tom: 0.0001pt; text-align: justify; background-image: initial; background-attachment: initial; background-position: initial; background-repeat: initial;»>№90 жалпы орта мектебінің директоры:

tom: 0.0001pt; text-align: center;»> «Баламыздан неше алдың деп емес, бүгін не үйрендің?»- деп сұрар болсақ, көп нәрсе өзгерер еді»

tom: 0.0001pt; text-align: center; background-image: initial; background-attachment: initial; background-position: initial; background-repeat: initial;»>

tom: 0.0001pt; text-indent: 21.3pt; text-align: center; background-image: initial; background-attachment: initial; background-position: initial; background-repeat: initial;»>«Ұлтты басқарғаннан, төрт баланы тәрбиелеу қиын»

tom: 0.0001pt;»> 

tories/Y_k47rTFVXY.jpg» width=»200″ height=»213″ alt=»Y_k47rTFVXY» style=»float: right;» />-     Арман Шымбайұлы, сіз басқарып отырған мектептің 3 жылдай ғана тарихы бар, ал, жетістігіне келсек, облыс орталығындағы көп жылдық тарихы бар мектептермен иық тірестірер дәрежеге жетті десек, артық айтқанымыз емес. «Арман ағайдың шәкірттері» деп мақтан тұтар шәкірттеріңіз бар. Білім ордасы жетістігінің құпиясы неде дегенге не айтар едіңіз?

     Ұлыбританияның көрнекті саяси қайраткері У.Черчилльдің «Ұлтты басқарғаннан, төрт баланы тәрбиелеу қиын» деген сөздері бар. Бұл — мұғалім міндетінің маңыздылығына, оған артылатын жауапкершілікке берілген бағаның тереңдігін айғақтай түседі. Мектепке «осы жауапкершілікті ақтаймын» деп келген мамандарды жұмысқа қабылдауды мақсат етемін. Шығармашылықпен жұмыс істеу, жаңашылдыққа ұмтылу — ұстаздың бойындағы ең керек қасиеттердің бірі деп санаймын және жұмыс жүйесін осылай жүргізуде басшы ретінде барлық жағдайды жасауға күш саламын. Жетістіктің құпиясын осыдан іздеу керек.

     Білім берудің сапасы, деңгейі дегенде ҰБТ көрсеткішін алға тартамыз. Мектеп ашылған жылы орта балл 90-ды құрады, қала мектептері арасында алға шығып, көш бастадыңыздар. Кейінгі жылғы көрсеткіш 93,4. Өткен оқу жылында орта балл 100,7 болды. Көңіл қуантарлық нәтиже. Жасыратыны жоқ, мектеп бітірушілер ақылы түрде мектептен тыс арнайы курстардан өтеді. Сіздерде бұл жұмыс қалай жүргізіледі? ҰБТ-да жүйелі жеңіске жету жолын таптыңыздар ма?

     ҰБТ-да емес, білімде жеңіске жету көзін таптық деп айтқан дұрыс шығар. Бұл нәтижелер ұжымның, мұғалімдердің талмас ізденісінің, қажырлы еңбегінің көрінісі. Біздің оқушылар мектептен тыс арнайы ақылы курстарға бармайды. Мектепте демеушілеріміздің көмегімен мектеп бітірушілер үшін арнайы білімді зерделеу орталығы жабдықталған. Оқушылар сабақ аяқталған соң, осы орталықта алған білімдерін қайталап, жүйелеп, толықтырып отырады. «Қайталау- оқу анасы» деген сөз бар. ҰБТ-дағы жетістіктің кілтін осыдан іздеу керек. Және дайындықты жүйелі түрде жүргізуге үлкен көңіл бөлу керек. Білімін толықтыруға кіріскен баланың денсаулығы, тамағы, демалуы, ынтасы, психологиялық ахуалы, бәрі де бірдей жүйелі түрде қамтылып, үнемі назарда болуы тиіс. Ата-аналармен байланыс үзіліссіз жалғасып отырады. Зерделеу әдістерін қолдану, сол әдістердің нәтижесі бойынша білімді толықтыруды үйлесімді ұйымдастыру оқушы үшін де, мұғалім үшін де маңызды. Жүйелі жұмыс барысында кемшіліктерді тез анықтап, оны түзету де оңай болады және нәтижесі тез көрінеді. Осы орайда, тарих пәнінің мұғалімі Айжан Табылдиева, география пәнінің мұғалімі Жанар Ширманова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлзия Қарақұлова, география пәнінің мұғалімі Нұрбек Мұратов, орыс тілі пәнінің мұғалімі Ақтоты Кенжесариеава, математика пәнінің мұғалімі Ержан Шөкеманов, биология пәнінің мұғалімі Салима Анарбаева, физика пәнінің мұғалімі Гүлнафис Әуелбекова сияқты ұстаздардың ізденімпаздығын, қажырлы еңбегін ерекше атап өткім келеді.

     Әрбір айтқан орынды сөздеріңізге, шәкірттеріңіздің жеткен жетістіктеріне қарап, Сізді «ұстаздардың ұстазын» тани білетін басшы деп айтсақ, қателеспейтін сияқтымыз…

     Басшы болу үлкен жауапкершілік. «Жетістікке жетемін» деген мақсатың болса, маман таңдауда жаңылыспау маңызды. Жоғарыда айтып кеткенімдей, ізденімпаз ұстаз баланың барлық қабілетін аша алады. Егер талантсыз бала болмайтынын ескерсек, ізденімпаз ұстаздың әрбір шәкіртінің білімді болуы заңдылық. Осы 3 жыл аралығында мектеп мұғалімдерінің 50-ге жуық оқу-әдістемелік құралдары шықты және тәжірибеден сәтті өтуде деп айтуға болады. Бұл маңызды жетістік. Оқушыны жан-жақты, дарынды тұлға етіп шығару үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде.

tom: 0.0001pt;»> 

ҰБТ-ға дайындық барысында шығарма жазуға бейімделуге де болады

     Әріптестермен тәжірибе бөлісу үдерісі қай деңгейде, кімдерден үйренесіздер, кімдерге үйретесіздер?

     Бір-бірімізден үйренеміз, басқаға білгенімізді үйретеміз. Бұл – қажеттілік. Өмірде бәрі де тәжірибе арқылы келеді. Соңғы уақытта «ҰБТ оқушыны мылқау етіп қойды, шығарма жазудан қалдырды» деген алыпқашты әңгімелер қоғамда белең алып кетті. Бұл әңгімелерде шындық та, аңыз да бар. Бәрі өзіміздің қолымызда. Тестке дайындық барысында шығарма жазуға бейімделуге де болады. Мысалы, бізде өзіміз ойлап тапқан мынадай жүйе бар.

     Он бірінші сынып оқушылары аптасайын байқау тестілерін тапсырады және айына бір рет методологиялық тұрғыда тест тапсырмаларымен жұмыстарын жүргізеді. Яғни, бір тест сұрағына жауап беру арқылы оқушы бірнеше тапсырманы жазбаша түрде дәлелдейді. Байқап отырған шығарсыз, бала бір сұрақпен шектеліп қалған жоқ. Ойы да, білімі де кеңейе түсуде.

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Тахир Балықбаев 2015 жылдан бастап, екі кезеңді тестілеуге ауысудың жоспарланып отырғанын айтты. Ұлттық тестілеу және Кешенді тестілеу. Бірінші кезеңде бес пән бойынша функционалдық сауаттылық сыналады. Қазақ тілінен басқа пәндердің барлығы жыл сайын өзгеріп отырады. Түлектердің өз ойын жеткізе білуін тексеру үшін эссе жазу қарастырылады. Ал екінші кезеңде талапкерлер жоғарғы оқу орындарына түсу үшін таңдаған мамандығына сәйкес пәндер блогы бойынша тәуелсіз тест тапсырады. Бұдан шығатын қорытынды, қазіргі таңда мектептерде оқушыларды ҰБТ-ға жан-жақты дайындау қажет.

     -Жыл өткен сайын талап та күшейіп отыр дейсіз ғой. Жаңалықтың тағы да қандай артықшылықтары бар?

     Қазіргі кезде мектеп бітірушілердің мамандық таңдау барысында тығырыққа тірелетіні жасырын емес. Мамандық таңдауға мемлекеттік гранттың саны да өз әсерін тигізеді. Жас түлек өзі таңдамаған мамандықты мәжбүрлі түрде оқитын жағдайлары да жиі кездеседі. Ендігі кезекте 5-11-сынып оқушыларының мамандық таңдауына көмек ретінде оқулықтарға таңдау пәніне сәйкес 5-пәнге қатысты мамандық тізімдері енгізіледі. Онымен таныс болған оқушылар 5-сыныптан бастап қандай мамандықты таңдайтыны туралы ойлана бастайды. Оған қоса 5-сынып оқушылары ата-анасымен бірге мамандық таңдауға қатысты эссе жұмыстарын да жазып отырады. Бұл баланың болашақта мамандығын қателеспей таңдауына дұрыс бағыт береді. Мемлекеттік білім стандартына сәйкес әрбір пән оқулықтарына оқушыға қойылатын талаптар да қоса енгізілген, бұл арқылы оқушы өзінің пән бойынша нені біліп, нені меңгеруі тиіс екендігін біледі, ал әрбір ата-ана өз баласының білім деңгейін күнделіктегі баға арқылы ғана біліп қоймай, баласының білім деңгейін өзі тексере алуға мүмкіндік алады.

     Әлемнің білімі мен экономикасы жағынан ең алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесінде танымал болған және психолог-ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, екі қолмен бірдей жазу үдерісі №90 жалпы орта мектебінде де жүйелі түрде жүргізілуде. Болашақта оң жақ мидың даму нәтижесінде мектеп оқушыларының көптеген жетістіктерге жететініне сенім мол.

     Жыл сайын мектеп оқулықтарында қателіктер кездесіп жатады…

     Оқулық — бұл ұлтты қалыптастыратын феномен, яғни өте өзекті мәселе. Өйткені, оқулықтарда кездесетін қателіктер білім сапасына да, ҰБТ-ға дайындыққа да кері әсерін тигізеді. Сол оқулықтарды жыл сайын жаңадан шығара бермей, мән-мазмұнына терең көңіл бөліп, мектеп мұғалімін авторлық құрамына кіргізу қажет, яғни оқулық авторының біреуі мектеп мұғалімі болуы тиіс. Және альтернативалық оқулықтарды жойып, оқулықтарды бірыңғай жүйеге келтіру қажет.

tom: 0.0001pt;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 18pt;»>Жалған баға оқушының бағын ашпайды

tom: 0.0001pt;»>

     Мектеп директорлары да сабақ береді. Балалар қалай қабылдайды, бағаға қаттысыз ба? Әлде оқушының біліміне қойылатын бағаны көтермелегенді жөн көресіз ба?

     Балаға бір күнде алты пәннен бестік баға алу мақсат емес, білімді меңгеру маңызды. Әдетте, үйге келген соң, баламыздан бірінші кезекте «неше алдың?»- деп, бағасын сұраймыз. Осы сұрақтың орнына «бүгін не үйрендің?» деп сұрасақ, біраз нәрсе өзгерер еді. Себебі, әлгіндей сұрақтар бағаны баланың өміріндегі маңызды шаруаға айналдырып жібереді. Бастауыш сыныпта баланың бәрі жақсы оқиды, жоғары сыныпта да ұстаздары бағаны көтермелеп қояды. Осыған үйреніп қалған бала ҰБТ-дан төмен балл жинаса, үлкен соққы алады.

     Жалған баға оқушының бағын ашпайды. Сондықтан, ұстаздардың оқушыны әділ бағалағанын құптаймын.

     Білім саласы түбегейлі реформаларды қажет етеді. Білім саласын реформалауда неге көңіл аударуымыз қажет?

     Шындығында, еліміз тәуелсіздігін алғалы бері жиырма жылдан астам уақыт өтсе де, білім саласында жан-жақты реформалар жүргізу үрдісі аяқталған жоқ. Жалпы бізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. «Қайда бара жатырмыз?» деген сұраққа осылай жауп беруге болады. «Бізге не керек?» дегенге келсек, әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басты мақсаты — өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. Сол себепті де қоғам алдында қазір «осыны қалай жүзеге асыруға болады?» деген сұрақтар туындауда. Бізге де өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау қажет.

Мектеп басшысының басшылығы тікелей білім сапасын көтеруге бағытталуы тиіс

     Не істеу керек?

     Орта мектептегі білім мазмұнын өзгертуден бұрын, білім жүйесіне мамандарды қабылдау жолдары мен оларға жауапкершілікті дұрыс жолға қою керек. Себебі, мазмұн нәтижені көрсетеді. Ал, сол нәтижеге жеткіміз келсе, алдымен, оның оңтайлы жолдарын құрып алуымыз керек. Ол үшін, мектеп басшысының басшылығы тікелей білім сапасын көтеруге, яғни педагог мамандардың жұмысын бақылау мен білім сапасын арттырудың жүйелі жолдарын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

     -Мектеп басшыларының басқа жұмыстары қайда қалады, мектепте медбике, әлеуметтік қызметкер бар, мекеменің шаруашылық бөлімі, оның есебі бар, оны кім бақылайды, оған қоғам алдында кім жауап береді?

     -Мектеп директоры медицина қызметкерлерінің, әлеуметтік сала мамандарының біліктілік деңгейлерін анықтап, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалай алмайды, мұнымен келісетін шығарсыз. Сол себепті, оларды жұмысқа қабылдауда біліктілік деңгейіне байланысты қателесуі мүмкін. Бұл осы салалар жұмысының ақсап жатуының бір дәлелі. Қазіргі таңда барлық мекемелерде мұрағат, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз етудің арнайы дипломды мамандары жоқ екендігі шындық. Себебі, «мұрағат, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету (5В051500)» мамандығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ғана бар және оны түлектердің бітіргеніне 5-6 жылдың көлеміндей ғана уақыт өтті. Аталған мәселелерге орай, «неліктен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де аталған мамандықты ашуға болмайды?» деген сұрақ туындайды. Және айтарымыз, осы мамандар мен хатшылардың алатын жалақылары да тым мардымсыз, іс жүргізуші – 26 мың, хатшы – 13 мың теңге көлемінде жалақы алатындықтан, бұл мамандықтарға деген қызығушылық та төмен . Бұл — ащы шындық.

 

Реформа да — ізденістер нәтижесі

 

     Не істеу керек?Сіздің ұсынысыңыз қандай?

     Мектептегі медицина қызметкерлерінің біреуін – тікелей Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі, екінші медбикені – облыстық емхана басшылығы, әлеуметтік педагогты аудандық әкімшіліктің әлеуметтік мәселелермен айналысатын бөлімі, бір педагог-психологты облыстық емхана немесе арнайы психологиялық-бейімдеу орталықтары, іс қағаздарын жүргізушіні Әділет басқармасы, педагог-ұйымдастырушы мен аға тәлімгерді «Балалар мен жасөспірімдер» орталығы, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарының да атауы өзгертіліп, тікелей қалалық білім бөлімінің шаруашылық бөлімі қабылдап, жұмыстарын бақылап, мемлекет алдында олардың жұмыстары үшін жауап беріп отырса, мектеп жүйесінің сыртқы құрылымымен қатар, білім мазмұны да өзгеретініне сеніміміз мол.

     Мысалы, қазіргі таңда білім сапасын әлемдік деңгейге көтерген Жапония, Ресей сияқты мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, білім саласының басшылары тікелей педагог-мамандармен бірлестікте болып, солардың жұмысына ғана жауап беріп, білім сапасын көтеру жолдарын іздестірумен айналысады. Ал, қалған мамандарды жұмысқа қабылдау, олардың жұмыстарына жауап берумен сол саланың басшылары айналысады.

     Құптарлық ұсыныс. Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеудің өзі оңай шаруа емес екені, рас. Аталған реформалардың өз жемісін беретініне сеніміңіз мол, солай емес пе?

     Әрине. Реформа да – ізденістер нәтижесі. Ал, ізденіс міндетті түрде түбегейлі нәтижеге алып келеді. Оған өзіміздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстар барысында көз жеткізудемін. Мектепке енгізіліп жатқан жүйелі реформалар, мамандарды тағайындау мен басшылық етуге енгізілетін өзгерістер мектеп басшысын артық мәселелер мен жауапкершіліктерден арылтып, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мен білім сапасын көтеруіне, педагог мамандардың білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру жолдарын іздестіруіне жүйелі басшылық етуіне оң ықпалын тигізетініне сенемін.

tom: 0.0001pt; text-indent: 21.3pt;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: right; background-image: initial; background-attachment: initial; background-position: initial; background-repeat: initial;»>Сұхбаттасқан

                                                                                                                                                                                                                                                                                       Әлия АХМЕТОВА

Яндекс.Метрика