2022-05-24

Ақылды болсаң, неге кедейсің?

alt

Бірде шопанға «Сені патша қылсақ қайтесің» деп сұраса «Қойды жылқыға мініп бағар едім» депті. Деуіндей-ақ, осы мәселені тек әзіл ретінде қабылдағанымыз аздық етеді. Кедейлікте өмір сүргендердің көбі тағдырдың тарантасымен жүруді ең дұрыс шешім деп қабылдайтын көрінеді. Олардың ойынша, қанша қарекет қылғаныңызбен, қолдан келер дәрмен жоқ. Айта көрмеңіз! Егер адам өз өміріндегі оқиғаларға үшінші жақтан көрермен ретінде қараса, әрине дәл осы жағдай болмақ. Тіпті күрес жолына белсенді түрде шықсаңыз да, қиындық пен сәтсіздіктерге кезіккен сайын
кері кету ойы да үдей түспек. Сонымен, мықты делінгендер ғана бұл сынақта үстем бола алады. Бай болуға деген қандай да бір әрекетке барсаңыз, біреу тоныңызды алып қалмайтынын да ұғу керек-ау, қалай қарайсыз?

Біреулер баюды қаңылтыр темірге тиын жинаудан бастайды. Бұл әдіс жоғарыда келтірілген шопанның ісі. Тағы да бір айтатынымыз, әрекетке бару алдындағы жағдайда кедей қиындықтарды ғана ойлап, қорқынышын үдетеді. Мұның қате екенін «Ой деректене түседі» («Мысли материализируются») деген аксиома дәлелдеп берсін.

Ал, «көп сөз – көмір», ақыл айту оңай-ау, одан да бақуаттылардың дүниетанымын тізейік

 «Бір ғана кеңесті естен шығармаңыздаршы:

               Қазір   жұмыс жасайтын емес, өзіңіз жұмыс жасағыңыз келетін қызметке сай киіну  керек».

                Дональд Трамп

               «Егер қиын жұмыс болса, мен оны тек жалқау адамға тапсырамын. Ол бәрібір де бұл жұмыстың оңай        шешімін тауып алады».        

        Уолте Крайслер  

  «Тырыса беру керек, төзіммен тырысу керек. Бұл  дарыннан да жақсы қасиет. Жолы болмаған дарындар жетерлік. Бұл  білімділіктен де жақсы қасиет. Бұл әлемде білімді кедейлер көп».         

         Рей Крок      

  «Жоғарыда тұрғандар ол жерге аспаннан түскен жоқ!»      

         М.Уошлинг  

 «Туысқандардан бір ғана көмек бар, ол саған кедергі келтірмеу. Олар сені өзгелер сияқты оқып, жұмыс жасағаныңды  қалайды. Қандай да бір бастауыңды, нәтижеңді жоққа шығарып, мойындай алмайды».                        Белгісіз автор. 

 «Әрбір адамда қол, аяқ және аптасында 168 сағаты  бар. Жолы болмайтын адамдар 168 сағатын жоғалтады, ал сәтті адамдар 168   миллион ақша таба алады».       

     Нельсон Мандела 

  «Кімде-кім өндірісін жаңадан бастап, енді ғана іске кіріссе, оған жігіттігі үшін медаль беру керек».

 Владимир Путин

 «Сәтсіздік – бұл ісіңді қайтадан, бірақ жақсылап жасауға мүмкіндік». 

 Генри Форд 

  «Жігіт дұрыс өмірінде дұрыс бағыт табуы керек, ал қыз дұрыс бағыт таңдаған жігіт табуы керек».

 Белгісіз автор 

  «Қателігіңді мойындамай жатсаң, бұл сенің екінші қателігің».     

   Қытай нақылы      

  «Өмір тек мықтыларды ғана сынап, тізерлетеді.  Себебі олар қайта тұра алады. Ал әлсіздер онсыз да тізерлеп отыр».
     Белгісіз автор  

   «Ақша – бақыттан гөрі, материалдық бостандық әкеледі».     

   Роман Абрамович     

   «Қол жетпейтін мақсат болмайды. Тек сылтаулар мен жалқаулық әзірге жеңіп келеді».   

    Белгісіз автор        

    «Өз ісінің нәтижесін бірден көргісі келетіндер етікші болсын».    

      Альбет Эйнштейн    

    «Күні бойы жұмыс істейтін адамның ақша табуға уақыты да жоқ».    

     Джон Рокфеллер     

      «Сіз интернетте болмасаңыз, бизнесте те  болмағаныңыз».  

      Билл Гейтс

           massaget.kz       

«Қызмет» ақпарат

{jcomments on}

Яндекс.Метрика