Цифрлы Қазақстан

«Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет» Нұрсұлтан Назарбаев 10.01.2018ж Жолдау.

Елбасы өзінің биылғы Жол­дауын­да бірінші басымдық ретінде экономиканың же­делдетілген технологиялық жаңғыруы ту­ралы айтты. Жолдауда әлемде төртінші өнер­кә­сіптік революция басталғанын, экономи­ка­ның барлық саласында цифрлау жұмыс­тары жүргізіліп жатқаны да аталды. Соған байланысты Мемлекет басшысы Үкі­метке «Цифрлық Қазақстан» бағдарла­ма­сын қабылдауға тапсырма берді. Цифрлау біз үшін таңсық дүние емес. 3D формат, жа­сан­ды интеллект, 4.0. индустриясы, ин­тер­нет және тағы басқаның бәрі цифр­лауға жа­тады. Цифрлау азаматтардың қолжетімді құралдар арқылы кез келген қызмет түрін пайдалана алуы үшін қажет.  Соңғы мәлімет бойынша  дү­ниежүзінде 15-тен аса мемлекет цифрлау бағ­дарламасын қабылдаған. «Цифрлық Қа­зақстан» бағдарламасы негізгі 4 бағыттан, 18 бастама мен 154 іс-шарадан тұрады, – де­ді ол.
Бірінші бағыт – «Цифрлық жібек жо­лын» құру. Бұл – сенімді, қолжетімді, жыл­дам­дығы жоғары және қорғалатын цифрлық инф­рақұрылым. Алғашқы бағыттағы мақ­сат­тардың бірі – әр қазақстандыққа интер­нет желісін жеткізу. Егер бір аумақтың тұр­­ғындары 250 адамнан асар болса, ол жер­ге оптика мен спутник арқылы интернет ж­елісі жеткізіледі.

Бағдарламаның екінші бағыты «Эко­но­мика саласындағы цифрлық қайта өзгерту» деп аталады. Бұл экономиканың әртүрлі салаларының бәскеге қабілеттілігін арт­тыруға арналған цифрлық технология­ларды жаппай енгізу. Біз қандай да бір жаңалық алып келмей, барлығын басынан бастамақ емеспіз. Бар болғаны әлемде жақсы нәтиже беріп жатқан цифрлық технологияларды таңдап алып, экономика саласына пайда­ланамыз. Цифрлау салаларды өзгертіп қана қоймай, оларды жоқ қылып жіберуге неме­се жаңа саланың пайда болуына әсер ете ала­ды. Цифрлау – мақсат емес, ол мем­ле­кетке жақсы пайда әкелетін саладағы құрал екндігі баршамызға аян.
«Креативті қоғам» құруға арналған үшін­ші бағыт бойынша халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жұмыстары жүр­гі­зі­леді. Аталмыш бағыттың дамуы азамат­тар­дың біліміне, стартап жобаларды ұсына алуына, цифрлауға қаншалықта дайын еке­ніне, оны қалай қабылдайтынына бай­ла­нысты.
Бағдарламаның үшінші бағыты «Бел­сенді цифрлық үкіметті» қалыптастыруға элек­трондық және мобильді үкімет жүйесін же­тілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қыз­мет­тер ұсыну саласын оңтайландыру жұмы­сы кіреді.

Бағдарламаның жүзеге асуы 2017-2021 жыл­дарға арналған. 2021 жылы түрлі сату, са­­тып алудың жалпы көлемінде элект­рон­ды сау­да 0,8 пайыздан 2,3 пайызға, ха­лық­тың мем­лекеттік қызмет түрлерін пай­далануда e-gov арқылы алған қызмет көр­сеткіші 35 пайыз­дан 80 пайызға арта­ды деп күтілуде. Ха­лықтың сандық сауат­ты­лық деңгейі 75,5 пайыздан 81,5 пайызға кө­теріліп, интернет пай­даланушылардың үлесі 77 пайыздан 81 пайыз­ға өседі деп жос­параланып отыр.

Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бас­та­пқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алды­мен, мекемелерді  жаппай компью­тер­лендіру қолға алынды. Ком­пью­терлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құ­рал ретін­­де пай­­­­дала­ныла бас­та­ды, ақ­паратпен орын­да­ла­­тын кез к­елген жұмыс компьютер көме­гі­­мен жүзеге асырылатын болды. Ақ­па­­рат­­ты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.

Президенттің Жолдауында елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиістігі баса айтылды. Ал ол үшін, ең алдымен, тағы сол IT са­ласына басымдық беріледі.

Жалпы, Қазақстанда ақ­параттық тех­но­логиялар­ды мемлекеттік секторға ен­діру жұмыстары осыдан он жыл бұрын сәт­ті басталған. Оған мысал келтіруге бола­ды, ол – «eGov» жүйесі немесе Қазақ­стан­­­ның электронды үкіметі. Дәл осы жүйе­­­нің көмегімен бүгінде жүздеген опера­­ция­­­ны компьютер алдында оты­рып-ақ жү­ргізе аласыз. Құжат ресімдеу, ком­муна­л­дық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айып­пұл, сақтандыру және өзге де қыз­мет түрлерін үйде отырып төлеуге кез кел­ген қазақ­стан­дық­тың мүмкіндігі бар. Бұл істер алдағы кезде одан әрі жетілдіріле түседі. Ақ­­парат­тық технология­лар қарыш­тап дамып бара жат­қан мына заманда IT сала­сын да­мыт­пасақ, дамыған 30 елдің қа­та­рынан көріну қиын. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жыл­дан-жылға жақсартып келеді.

Жолдауда Елбасы: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құры­ла­тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс­піз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан­кинг, цифрлы қызмет көрсету секіл­ді денсаулық сақтау, білім беру ісін­де қол­данылатын және басқа да перспек­тивалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», деп нақты бағдар берді.

Қазақстандықтардың өмір сапасын арт­тыру әрі ұлттық экономиканы цифр­лан­­дыру бағдарламасын жүзеге асыру шең­берін­де 2020 жылға дейін интер­нет қолдану­шы­лардың санын 80 пайыз­ға дейін арт­тыру, тұрғындардың 95 пайы­зын цифр­лы xабар таратумен қамту, азамат­тар­дың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде. Бұл үшін биылдың өзінде атал­ған бағдарлама аясында елімізде 244 радио­телевизиялық станса іске қосылмақ.

«Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын емес, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама ІЖӨ-дегі IT-секторының үлесін 2020 жылға дейін 5 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. IT-секторында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Еңбек өнімділігі 37 пайызға жеткізіледі. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет, ол 85 пайызға дейін жеткізілетін болады.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзе­ге асыруда 4 бағыт бар. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интер­нетпен қам­­та­­масыз етіп, Қазақ­стан­ның транзиттік әлеуе­­тін арттыру. Екін­ші бағыт – эконо­мика­­­ның салаларына (көлік және логис­тика, ден­­­сау­лық сақтау, білім беру, ауыл шаруа­шы­­лы­­ғы және электронды сауда) цифрлы тех­­­но­ло­гияны ендіру. Үшіншісі – мемлекет­тік ор­­ган­дар жұмысының сапасын арттыру және төр­тін­ші бағыт – IT-мамандарды даярлау.

Цифрлы технологияның халқымыздың жар­тысы ауылда тұрып, сол жерде нәпақа­сын айырып отырған ауыл шаруа­шы­лығы саласына да берері көп. Әлем­ге бел­гілі «Microsoft» компаниясының қожа­­йы­ны Билл Гейтс ойлап тапқан «Оракул» деген компьютерлік бағдарлама ауылшаруашылық жерлерінің хал-ахуалын санаулы ғана уақыт ішінде талдаудан өткізіп, қандай жағдайда екенін айтып бере алады. Дәл қазір Қазақстанда егістік пен жайы­лымның көбі жекенің қолында және пайдаланылмай жатқаны белгілі. Ал аталған бағдарлама сол жер иелері­нің кім екенін, жерді қанша уақыттан бері пайдаланбай жатқанын анықтай алады. Демек, «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ла­ма­сы аясында Билл Гейтстің «Оракулы» да елімізде кең қолданысқа енуі әбден мүмкін.

Бүгінде жаңартылатын энергия көздері әлемдегі электр энергиясы өнімінің төрттен бірін құрайды. Астанадағы ЭКСПО көрмесі кезінде мамандар 2050 жылы бұл көрсеткіш 80 пайызға жетеді деп болжанып отырғанын айтты. Қазақстанда 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерін 30 пайызға жеткізу көзделген. Президенттің айтуынша, кәсіпкерлер «жасыл экономикаға» көптеп инвестиция салулары керек. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өңір әкімдеріне кіші және орта бизнестің қатысуымен утилизация мен тұрмыс қалдықтарын өңдеуді жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстар атқаруды тапсырғанын ерекше атап өткім келеді.

Жалпы, мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қатарына, яғни алдыңғы «отыздыққа» қосыла алады. Ал, бұл мақсатқа жету үшін еліміз Үшінші жаңғыруды еңсеруі тиіс. Алдағы кезде замана көшінен қалғы­­сы келмеген әрбір азамат, маман­дар, ғалым­дар мен студенттер ұялы байла­ныс, теле­коммуникация, сандық ТВ, кең­жолақ­ты интернет, ақпараттық техноло­гиялар, Е-үкі­мет, Е-сауда, интерактивті жарнама және әлеу­меттік медиа саласындағы өзекті тақы­­рыптардан тыс қалуына болмайды.Осылайша егемен еліміздің «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңді қамти отырып, ел экономикасының технологиялық жаңғыруына серпін бермек. Сонымен қатар, еңбек өнімділігінің ұзақ мерзімдік әрі ауқымды өсімі үшін жағдай жасауы тиіс деп ойлаймын.

 

Н.БЕКЖАНОВ,

ҚР ИДМ Техникалық реттеу

және метрология комитетінің

ОҚО бойынша департаментінің

жетекші маманы

 

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика