Дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салынды

Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында дезинсекциялық және дератизациялық қызметте қолданылатын уытты заттармен улану фактілерінің тіркелуіне байланысты, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға 1, 2, 3 қауіптілік сыныбына  жататын дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салынды.

Қазіргі уақытта ондай қызметтерді көрсету  лицензиялауға жатпайды. Сонымен қатар, сауда орындарында, қалалардың, елді мекендердің базарларында халыққа дезинсекциялау және дератизациялау құралдары еркін бақылаусыз сатылуда.

Бұл тұрғыда халықта дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын дұрыс пайдаланудағы арнайы дағдыларының болмауы мен қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан тұрғындардың ағзасы уытты заттармен уланып, өлім жағдайлары тіркелді.
Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыс тұрғындарына сауда орындарынан, базарлардан 1, 2, 3 қауіптілік сыныпқа  жататын дезинсекция және дератизация құралдарын көрген жағдайда, шұғыл түрде  өздеріне (Түркістан қаласы, Т. Озал көшесі, 8 үй) немесе аумақтық басқармаларына жазбаша түрде жүгінуіңізді сұрайды.

Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика