tories/imagesca9qya3o.jpg» />Белгілі бір мұсылманның немесе мұсылман емес адамның айыбын айту, оны жамандау үшін сыртынан сөз айту ғайбаттау болады. Ғайбат-харам. Тыңдаған адам ол адамды танымаса ғайбат болмайды. Ғайбатталған адам мұны естісе ренжиді. Денесінде, мінезінде, ісіңде, сөзіңде, дініңде, дүниесінде, тіпті киімінде, үйінде, малында болған кемшілік оның сыртынан айтылса және оны естіп ренжісе бұл ғайбат болады.
Ғайбат адамның сауаптарының азаюына, ғайбаттаған адамның күнәларының өзіне берілуіне себеп болады. Бұларды әрдайым ойда ұстау адамның ғайбаттауына кедергі болады.
Ғайбаттаудың үш түрі бар. Біріншісінде «Мен ғайбаттаған жоқпын, ондағы нәрсені айттым» дейді. Бұлай айту күпірлік болады. Өйткені, харамды адал деп санайды. Екіншісі, ғайбатталған адамға айту. Үлкен харам болады. Тәубемен кешірілмейді. Одан кешірім сұрау да керек. Үшіншісінде ғайбатталған адам мұны білмейді. Тәубә етумен және оған қайырлы дұғалар оқумен кешіріледі. Қасында біреудің, ғайбатталғанын естіген адам бұған дереу кедергі болуы керек. Ғайбаттаудың өтеуі ренжу, тәубе ету және одан кешірім сұрау. Өкінбестен кешірім сұрау бұл да күнә болады.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Діндес бауырыңа білдірмей көмектескен адамға Аллаһу Та’ала дүниеде және ақыретте көмек береді». «Қасында діндес бауыры ғайбатталып жатқанда күші жете тұра оған көмектеспеген адамның күнәсі дүние мен ақыретте өзіне жетеді».
Қазақта «Қалжың – мазаққа апарады, мазақ тозаққа апарады» деген мақал тегінен айтылмаған есте ұстаған жөн.
«Қызмет» ақпарат
{jcomments on}
Leave a Reply