tom: 3.75pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Халықаралық турнирге қатысуға келген қонақтардың арасында Әзірбайжан мен Өзбекстанның жас былғары қолғап шеберлері бар. Алғаш ұйымдастырылып отырған турнирде 14 өңірдің боксшылары қолғап түйістіреді.
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Қарағандыда бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің жүлдесі жолындағы жаңа турнир жалауын көтерді.
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»> Кеншілер қаласында 1997-1998 жылдары туған жасөспірімдер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған ашық біріншіліктің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мұның тұңғыш болатын өзіндік себебі де бар. Өйткені бұл біріншілік ХХХ жазғы Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиевтің құрметіне арналып отыр. Жеткіншектер Сәпиевтің жүлдесі үшін сынға түседі. Халықаралық турнирге қатысуға келген қонақтардың арасында Әзірбайжан мен Өзбекстанның жас былғары қолғап шеберлері бар. Алғаш ұйымдастырылып отырған турнирде 14 өңірдің боксшылары қолғап түйістіреді. Ұйымдастырушы – Қарағанды облысының әкімдігі мен облыстық бокс федерациясы.Бұл турнир 11 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Сәпиев турнирі бес күнге созылады. Сонымен қатар дәстүрге айналдыру да жоспарларында бар. Тың бастама аймақтағы бокстың дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Айтпақшы, Сәпиев турнирінің жабылу салтанатына Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов қатысуы керек.
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»right»>Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, Қарағанды,
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»right»>«Қызмет» ақпарат,
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»right»>Сурет: alasharena.kz сайтынан алынды.
tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»right»>{jcomments on}
Leave a Reply