tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары оқушылар және ересектер арасындағы спартакиадаларда, ел біріншіліктерінде үнемі жүлделі орындардан табылып, өз биігінен төмендеген емес. Ал, бұл ортақ жеңіске облыстағы спорт мектептерінің қосқан үлесі зор. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысының №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі де талай сайыпқырандардың томағасын сыпырып, додаға қосып жүр.
tom: 0pt;» class=»MsoNormal»> Бұл спорт мектебі Қазақ ССР Министрлер кеңесінің шешімімен 1958 жылы ашылған. 1998 жылдан бастап олимпиадалық ізбасарлар дайындайтын спорт мектебі дәрежесіне жетті. Мұнда спорттың 8 түрі бойынша үйірмелер жұмыс істеген. Атап айтар болсақ, талантты жастар қазақ күресі, тоғызқұмалақ, еркін күрес, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, бокс сынды спорт түрлерін меңгеріп, талай байрақты бәсекелерде топ жарды. Әсіресе, осында жаттыққан боксшы жігіттердің жарқын жеңістерін бүкіл ел біледі. Солардың бірі Қ.Орақбаевтың үлкен спорттағы табыстары кісі қызығарлықтай. Ол — бокстан Қазақстанның және Азияның чемпионы, Шығыс Азия ойындарының күміс жүлдегері. Мәскеуде өткен әлем кубогінде әйгілі куба боксшысын айқын басымдылықпен женген Қанаттың сол жекпе-жегін бокс мамандары әлі күнге дейін тамсана айтады. Халықаралық сайыстарда талай мәрте топ жарған бұл спортшы бүгінде бапкер болып қызмет атқарады. Сондай-ақ, бокстан жеңіл салмақта өнер көрсетке Б.Серікбаев та өз атын спорт жылнамасына қалдырған саңлақ. Ол — Қазақстанның және Азияның чемпионы, Венгрияда өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері. Әлем кубогінің күміс жүлде иегері.
tom: 0pt;» class=»MsoNormal»> Осы мектепте тәрбиеленген еркін күрес шеберлері Е.Тұрғанбаев, А.Даутбаева, А.Рысбаевтар да Азия құрлығында жетістікке жеткен. Біз бұларды бекер тізбелеп отырған жоқпыз. Мектептен түлеп ұшқан саңылақтардың жеңісті жолын дәріптеу арқылы жас спортшыларды жігерлендіруге болады. Оны мектеп ұжымы мен жаттықтырушылары жақсы біледі. ОҚО №3 ОРМБЖСМ-н 2010 жылдан бастап Айтмұрзаев Нұрлан Пернебекұлы басқарып келеді. Шебер ұйымдастырушы әрі іскер басшы бірден ұжымды ортақ іске жұмылдырып, жеңісті жолдарға бастады. Жеңістер де көп күттірмеді. Қазақ күресінен 2010 жылы Астана қаласында өткен әлем біріншілігінде аса ауыр салмақта Б.Көлбай күміс жүлдеге ие болды. Бұл спортшы биыл «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне арналған сайыста «түйе балуан» атанып, автокөлікке ие болды. Ұлттық спорт түрлерін дамытып, білікті мамандарды шоғырландыра білген мектепте қазақ күресі мен тоғызқұмалақ кең қанат жайған. Қазақ күресінен 2010 жылы Өскеменде өткен Азия біріншілігінде Р.Үсенбеков үшінші орынға ие болды. Бұл спортшы сонымен қатар Үндістанның Пуне қаласында өткен әлем кубогінде алтын медальды жеңіп алды. Қарағандыда өткен ІІІ жазғы спартакиада мен Қажымұқан атындағы халықаралық жарыста да Р.Үсенбеков биіктен көрінді. Қазіргі таңда Р.Үсенбеков пен оның командалас досы Б.Әбілқас желтоқсан айында өтетін әлем біріншіліігне дайындалуда.
tom: 0pt;» class=»MsoNormal»> Тоғызқұмалақтан 2010 жылы Астанада өткен тұңғыш әлем біріншілігінде С.Сапарбекова күміс және қола жүлдеге ие болды. Әлемдегі таңдаулы тоғызқұмалақшылардың бірі болып табылатын ол — Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Азия біріншілігінің жүлдегері. Былтыр Елордада ұйымдастырылған Президент кубогінің иегері. Сонымен қатар, жастар арасындағы ел біріншілігінде бірнеше дүркін жүлдегер атанған С.Сапарбековтің де аяқалысы жаман емес. Қазіргі таңда ол әлемдік рейтингтегі үздік 15 тоғызқұмалақшының қатарында тұр. Жуырда жастар арасындағы ел біріншілігінде Н.Рахманқұл шапшаң ойнауда ел чемпионы атанды. Қазіргі таңда бұл мектепте болашағынан үміт күттіретін жас спортшылар шоғыры өсіп, тоғызқұмалақты серік еткендердің қатары көбею үстінде.
tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>Еркін күрестен де білікті бапкерлер мен талантты спортшылар бар. Солардың бірі Е.Байдуашев 2010 жылы Гуанчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды. Ол Лондон олимпиадасына да қатысып қайтты. Былтыр Кореяда өткен Азия біріншілігінде аса ауыр салмақта Е.Дүйсенбеков қола медаль тағынды. Ұлттық құраманың белді мүшесі болып табылатын бұл жігіт алдағы жауапты сындарға дайындалуда.
tom: 0pt;» class=»MsoNormal»> Таэквондо WTF спортынан 2010 жылы Бұхара қаласында өткен Азия біріншілігінде Е.Тұрсынбек пен М.Насредин бірінші орынды жеңіп, құрлық мықтысы атанды. Ал, Ж.Сабырбек «күміспен күптелді». Бүгінде шығыс жекпе-жегіне қызығушылардың қатары көбейіп, ауыл жастары да үйірмеге көптеп тартылуда.
tom: 0pt;» class=»MsoNormal»> Дзюдо спортынан да ауыз толтырып айтар жетістіктер баршылық. 2010 жылы Сингапурде ұйымдастырылған Азия біріншілігінде С.Қалдар үшінші орынға ие болды. Ьағы бір мақтанышымыз А.Шаменов Бакуде өткен әлем кубогінде финалға дейін жетіп, күміс медаль тағынып қайтты.
tom: 0pt;» class=»MsoNormal»> Каратэ-до спортына қызығушы жастар өте көп. Бұл жекпе-жек түрінен Тайландта өткен Азия біріншілігінде М.Утелбаева алтын, А.Бекболатов күміс жүлдеге ие болды. Қыздар арасында ешкімге дес бермей жүрген М.Утелбаева Қазақстан халықтары спартакиадасының және Ташкентте өткен әлем кубогінің де жеңімпазы атанды. Бұл спортшы ұлттық құрама сапында Париж қаласында өтетін әлем біріншілігіне қатысады. Сондай-ақ, Ақтауда өткен ІІІ жазғы спартакиадада М.Катешов, М.Таукебаев, А.Мыңбаевалар бірінші орынды жеңіп алды. Ташкенттегі әлем кубогінде Қ.Алпысбай, В.Дегтерова, М.Катешовтер топ жарса, А.Мыңбаева мен Т.Мохортова екінші орынға қанағат білдірді.
tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>Садақ ату – қанымызда бар ұлттық спорт түрі. Өкінішке қарай мергендеріміз әлем біріншіліктері мен олимпиада ойындарында жүлдеге іліне алмай жүр. Дегенмен, осы спорт мектебіндегі жас жеткіншектердің болашағына үмітпен қарауға болады. 2011 жылы жастар арасында Бангладеште өткен құрлық додасында А.Туркина қола жүлдеге ие болды. Ересектер арасында Иранда сайысқа түскен А.Қарабаев та қола жүлде иемденіп, ел абыройын аспандатты.
tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>Ауыр атлетика үйірмесі де жұмысын бастаған. Осында жаттыққан Ч.Арли Талдықорғанда өткен ел біріншілігінде жеңімпаз атанып, олимпиадалық нормативті орындады. Бұл спортшы 2013 жылы Астанада өтетін Азия біріншілігіне қатысады деп күтілуде. Қазіргі таңда ұлттық құрама сапында Алматы облысында шеберлігін шыңдауда.
tom: 0pt;» class=»MsoNormal»> Айтулы жетістіктері бар спорт мектебінің директоры Нұрлан Айтмұрзаев Елбасы Жолдауына сәйкес ел тұрғындарының 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту тапсырмасын орындауға үлес қосып жүргендерін жеткізді.
tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>— Жарты ғасырдан астам тарихы бар мектебімізде көптеген жастар спортпен шұғылданып, есімдерін ел есінде қалдырды. Салауатты өмір салтын ұстанды. Бұл ретте облыс әкімі А.Мырзахметов пен облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығы Б.Қырықбаевтың спорт саласына жасаған қамқорлығы мен қолдауын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда мектебімізде қазақ күресі, еркін күрес, таэквандо, каратэ-до, тоғызқұмалақ, садақ ату, ауыр атлетика, дзюдо және президенттік көпсайыс сынды спорттың 9 түрінен 840 спортшы жаттығады. Олардың жетеуі — халықаралық дәрежедегі спорт шебері. жиырмасы — ҚР-ның спорт шеберлері және 91-і спорт шеберлігіне үміткерлер. Мақсатымыз — 2014 жылғы Жазғы Азия ойындары мен 2016 жылы өтетін олимпиада ойындарына спортшы қатыстырып, жүлдегерлер қатарын толықтыру, — дейді Н.Пернебекұлы.
tom: 0pt;» class=»MsoNormal»> Бүгінде ОҚО №3 ОРМБЖСМ-де 64 жаттықтырушы қызмет атқарады. Облыс көлемінде 2 жоғары спортты шыңдау, 23 спортты жетілдіру және 59 оқу-жаттығу топтары жұмыс істейді. 54 жылдық тарихы бар спорт мектебінің жаттығу залдары спортсүйер жеткіншектерге толы. Үлкен спортқа қадам басқан жас қырандардың арасында ауыл жастары да жетерлік. Олар – болашақ спорт жұлдыздары!
tom: 0pt;» class=»MsoNormal»> Ғ.ҰЛАСБЕК Оңтүстік Қазақстан облысы
tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>
tom: 0pt;» class=»MsoNormal»>
Leave a Reply