Талқыға түскен мәселе Латын әліпбиіне қалай қарайсыз?

tories/dd4f968c13979eef051460979706f433.jpg» border=»0″ align=»left» />      Редакция:Ғаламтордың бүгінде қарқыны күшті. Оқырман белсенділігі дегенде де , мүмкіндік жағынан қарағанда да басқа «әріптестерінен» оқ бойы алда тұр. Ғаламторда ең көп талқыға түскен мәселені апта сайын оқырманмен бөлісе жүрсек ұтылмаспыз деп ойладық.  Сонымен жыл басынан бері қазақ тілді интернет-ресурстарда  Латын әрпіне көшу қаһындағы мәселеге көбірек орын берілгеніне көз жеткіздік.  Тақырыпқа әсіресе, Бақ.кз порталы ерекше мән берген.Жарияланған мақалаларға байланысты пікір де аз емес. Бұл тақырыптың өзектілігінен хабар берсе керек.

Ғарифолла ЕСІМ, сенатор: Латын әліпбиін биыл анықтап, қабылдауымыз керек

Бұл Бақ-кз порталында 1 қаңтарда жарияланған сұхбаттың тақырыбы. Ақпарат көзі «Айқын» газеті.Әлде сұхбат берушіге деген қызығушылық аз ба, жоқ сұхбат  өз дәрежесінде шықпағанда пікір білдіруші жалғыз адам. Дәл осы порталда Еңбек ардагері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Атырау облысындағы ақсақалдар алқа­сы­ның мүшесі И.Чебышев айтқан:»Латын әліпбиіне көшу бәсекеге қа­бі­леттілікке септігін тигізетін болады»,деген  ойы тіпті ешкімге де ой салмағанға ұқсайды.

 Ал,әл осы тақырып туралы «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қариннің «Аманат» интеллектуалдық клубының отырысында айтып БАҚ.кз-да 27 желтоқсанда жарияланған : «Латын әліпбиіне көшу қазақ тілін әйгілеуге сеп болады» деген пікірі қып-қызыл пікірталасқа себеп болған.

Ерлан Карин айтады:

«Латын әліпбиіне көшу қазақ тілін әйгілеп қана қоймай, көкжиегін де кеңейтеді. Мен басқа елдерге барғанда қаншама қазақ диаспорасының ақпарат алуда кедергілерге тап болаып жатқандығын көрдім» дейді.
«Нұр Отан» хатшысының айтуынша, қазақ тілі латын әліпбиіне көшкен кезде автоматты түрде ақпараттық кеңістігі кеңейе түседі. Қытай, Түркиядағы және басқа жақтағы қазақ жастарына жол ашылады деп отыр.
«Біз бұл мәселені бұрын да көтердік. Бірақ, тек пайдалы, пайдасыз қырларын ғана айтып келдік. Ендігі ретте, нақты бір шешімге келетін боламыз. Елбасы Жолдауында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуді бастау керектігін айтты. Әйтсе де, мемлекет басшысы бұл бастаманы осы сәттен бастап қолға алу керектігін меңзеп отыр», дейді Е.Қарин.
Сондай-ақ, арнайы осы мәселемен айналысатын қол жинап, қаріптерін ойластырып, ережелерін жасап жатыр. Егер нақты шешім шығарса, бірнеше құрылымдар оны қолдануды қолға алайын деп отыр. 
 
Бар болғаны осы. Ал, пікірлер мынадай:

Қарашаш:

26 Желтоқсан 2012, 14:25

«Әйгілеу» . Сонда латын әліпбиіне көшсек бірден әйгілі тіл бола қалады ма екенбіз? Қазақ тілі есін енді жиып, шала қазақтардан арыла алмай жатқанда «әйгілеу» жетпей тұр еді. «Бояушы, бояушы десе сақалын бояпты» деген қазақ. Ерлан мырза бұл оймен не айтпақ болды екен? Елбасының саясатын қолдайтындығын ба? арине сол ғой, басқа бірдеңе айтылушы ма еді біздің билікте. Олай болса мына «әйгілену» деген сөзіңіз орынсыз.

Русеке:

27 Желтоқсан 2012, 23:51

Латынға көшкеннен көшірмеден көз ашпаймыз, оданда 2025- ке дейін орхан енесей жазуын қалпына келтіріп қолданысқа енгізейік өз болмысымызбен ғана әйгілі танымал боламыз!!!! Уақыт бар тек іске кірісейік!!!

Айнұр 29 Желтоқсан 2012, 15:38

екі қолымды көтеріп қолдаймын, бұрын бастау керек болатын осы бастаманы Батыстың қазағы

31 Желтоқсан 2012, 01:44

Менің ойымша латын тіліне көшіру керек емес нәрсе сияқты…1-шіден халықтың оған тез үйренісіп кетуі қиын болады.2-шіден бұны іске асыру үшін көп қаражат кетеді.Бұл істі бастамас бұрын халықтан сауалнама жүргізу керек деп ойлаймын.(80% қарсы болады) рус-қа қосыламын әуелі ШАЛА ҚАЗАҚТАРЫМЫЗДЫ жөндеп алайық ағайын…

Нурлан 31 Желтоқсан 2012, 03:31

Латын елдің кемел әліппесі

Мен Қазақ Республикасының азаматы ретінде қазіргі әліпбиімізге көңілім толмайды. Өйткені, ол «қазақ әліпбиі» — емес, «қазақ – орыс әліпбиі» тіптен ақиқатын айтсақ «орыс – қазақ әліпбиі» десек болады.
Жаңа қазақ әліпбиі қандай болуы керек деген кезде, қазіргі кезде ұсынылып жүрген Арабша, Латынша, көне түрікше /Орхон – Енесей/ және осы кезде қолданылып жүрген кириллица графикасында қалуды көздейтін ұсыныстар бар.
Осы төрт әліпбидін қайсысы қазақ халқына ыңғайлы.
Біз қазақ халқы /түрік халқы/ жазу – сызусыз, жабайы, көшпенді халық болып саналдық. Бірақ қазіргі Монғолия жеріндегі Орхон – Енесей жазулары табылып бұл жазулардың ТҮРІК тілдес халықтардың төл жазуы екендігі анықталып «Евроцентристік» көз қарастардың күл талқаны шықты. Бұл жабайы көшпелі түрік тілдес халықтардың адамзат дамуына өзіндік сүбелі үлес қосқан Ұлы халық екендігі анықталды.
Ия, осы көк түрік жазуына оралсақ та болар еді. Бірақ бүгінгі күні жазу құралы ретінде қабылдап, өмірге енгізу әзірше мүмкін емес. Өйткені оның қазіргі қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкес таңбалық реті белгіленген жоқ, еміле – ережесі жасалған емес. Жаңа технологияға сай келетін жобасы да жоқ, оны жасай қоятын мамандар да әзірленген жоқ. Дәл қазір ол халықтың жадына тоқылып санасына сінбеген және Көк түрік жазуын әр ғалым әр түрлі оқиды. Тек бір ғана жағдайда енгізуге мүмкіндік бар Түрік тілдес халықтар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» ортақ «Көк түрік» жазуын енгізу туралы пәтуаға келсе. Бұл әзірше арман, қолымыздан келері «көк түрік» жазуын зерттеп, зерделеп ұрпақ санасына сініру.
Ал екінші Араб әліпбиіне келер болсақ түрік тілдес халықтардын Ислам дінің қабылдаумен Түрік жазуы ығыстырылып Араб жазуы енген болатын, ол өз кезегінде мәдениетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан болатын. Болшевиктік Кенес Одағы Түрік тілдес халықтарды Ислам дінінен ажырату үшін бұл жазудан да қол үздірді. Оны қайтадан енгізудің қазіргі кезде аса қажеттілігі жоқ. Біз тек мұсылман мемлекеті ретінде жаһандық Ағылшын тілімен қатар елімізде шет тілі ретінде Араб тіліне де көңіл бөліп мектептерде оқытса құба құб болар еді.
Ал үшіншісі Кириллица графикасына негізделген қазіргі кезде қолданылып жүрген «Орыс – қазақ әліпбиі» 1939 жылы бір күнде жарлықпен кириллицаға аяқ астынан өттік де кеттік. Себебі Қазақ халқын орыстандыру арқылы мәнгілік Орыс империясының боданында ұстау еді. Тәңір қолдап саяси Тәуелсіздікті алғанмен әлі күнге дейін рухани мешеу, орыстарға тәуелді жалтақпыз. Қазір не көп реформа көп, бірақ біз әлі Отарсыздану реформасын жасамадық. Сол себептен Қазақ тілі өз елінде, өз жерінде, өз мемлекетіңде шет қақпай қалып екінші, үшінші тілге айналуда. Бұндай мазақтан, қорлықтан құтылу жолдарының бірі әліпби өзгерту.
Қазіргі заманғы ғылым тілінің Латын әліпбиіне сүйенген, сол арқылы дамып жаһандық тілге айналған Ағылшын тілі екендігі.
Әлемнің дамыған мемлекеттері мысылы: Қытай мен Жапонияның жазуы иероглиф болсада білімі, ғылымы, өңдірісі дамып жатыр. Дәлірегінде ол өзінің иероглифімен емес Латын әліпбиіне сүйенген Ағылшын тілімен дамып келеді.
Дүние жүзі Латын әліппесі ең көне, ең көркем, ең қарапайым және ең тиімді әліппе екендігін мойындады. Сол себепті бүкіл әлем халықтарының тең жартысынан астамы осы әліппені қолданады. Әлем халықтары мен бірге түрік тілдес халықтар түріктер, өзбектер, әзірбайжандар, түркімендер де латын әліпбиіне көшуде. Көш соңында қазақ пен қырғыз қалды.
Біз түгелі орысқа тәуелді татар, башқұрт халықтары өткенмен Путин «Ресейдің құрамындағы ұлт латынға өтпеу керек» деп тыйым салған соң тоқтап қалды. Түбінде бәрібір өтеді.  Біз жалтақтап, өзіне қарасты бодан елдерге тыйым салғанмен Ресейдің өзінде де Академиялық деңгейде әңгіме жүріп жатыр. Тек оларды шовинистік пиғыл ғана ұстап тұр. Шындап келгенде олар да өтеді.
Ендігі мәселе, латын әліпбиіне қалай көшсек болады. Латын әліпбиіне көшудің елімізде 70 шақты жобасы бар көрінеді.
Егер біз Латын әліпбиіне осы күнгі пайдаланып жүрген Кириллицаның 42 әрпін тек латыншаға аударатын болсақ 42 таңбаны компьютер түйме – тақтасының 26 түймешесіне сыйдыру онай болмайды және латын әліпбиіне көшуміздегі ең басты үмітіміз – тіл бұзар орыстың емле – ережесінен құтылу мақсатына жете алмай бір қателіктен, бір қателікке ұрынамыз.
Араб графикасынан алып жасаған Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиін дәл сол қалпында тек латын графикасымен белгілеп латын жазуына «Ахметше» көшу және көршілес түрік тілдес елдердің латын әліпбиіне көшу тәжірибесін пайдалану соның ішінде Түркия елінің әліпбиіне баса назар аудару керек.
Әліпбидің тұрқы Латын ал, еміле ережесі қазақтікі болу керек.

Осыларды басшылыққа алып Латын әліппесі негізінде өзім құраған қазақ әліпбиінің бірнеше нұсқасын ұсынамын;

№ Кириллица Ахмет Байтырсынов төте әліпесі Түркі ғалымдарының жобасы 1993 ж. бекітілген Түркия мем.нін әріптері 1 вариант 2 вариант 3 вариант 4 вариант
1 А ا A
2 Ә اَ Ә A’ Ä A’ Ä
3 Б ب B
4 В ۊ V
5 Г گ G
6 Ғ غ Ğ Ğ G’ Ğ Q Q
7 Д د D
8 Е و E
9 Е
10 Ж ج J
11 З ذ Z
12 И
13 Й ي Y
14 К ك K K K K C C
15 Қ ق Q Q Q K K
16 Л ل L
17 М م M
18 Н ن N
19 Ң ڻ Ň N’ Ň N’ Ň
20 О و O
21 Ө ۊ Ő Ő O’ Ő O’ Ő
22 П پ P
23 Р ر R
24 С س S
25 Т ت T
26 У ۋ W W W W W
27 Ұ ۇ Ü U U U U
28 Ү ۈ U Ü U’ Ü U’ Ü
29 Ф ف F
30 Х خ X Х
31 Һ ھ H
32 Ц
33 Ч ح Č Č
34 Ш ش Ş Ş S’ Ş S’ SH
35 Щ
36 Ъ
37 Ы ى I
38 і ێ І
39 Ь ء
40 Э
41 Ю
42 Я
C ДЖЕ C ДЖЕ
‘ дайекше жінішкелік белгісі
29-34 34 29 32 32 32 32

Қысқарған орыс әріптері

№ Кириллица Уақытша осы әріптермен белгілеу
1 Ё Е
2 И Y
3 Ц S
4 Ч SH
5 Щ SH
6 Ъ —
7 Ь —
8 Э E
9 Ю YW
10 Я YA

Дулат 04 Қаңтар 2013, 16:13

Латын әріпіне көшу арқылы біз не ұтамыз деп ойланайықшы біріншіден.
1) ТМД елдері ішінде латын әрібіне көшкен өзбек, әзірбайжан сияқты елдер латынға көшу арқылы өздерінің орыстардың қарпіне тәуенді емес екендігін білдіре отырып, ұлттық рухын ұлықтай алды, бізге ұқсап әлі күнге дейін өзгенің босағасына телмірмейтін болды. Негізінде, біз нақты тұрғыдан алғанда толық тәуелсіздік алып болғамыз жоқ. Экономикалық жағынан Қытайға, мәдениет, ақпарат жағынан Ресейге тәуелдіміз. Ақпарат кімнің қолында болса, билік сонда болатынын ұмытпайық. Орхон-Енисей, Соғды жазуына өту керек деген утопиялық арманнан гөрі, дүниежүзілік қазақтар қауымы қос қолдап қолдап отырған латын әліпбиіне көшуіміз керек, бүгін емес — кеше. Көз — қорқақ, қол — батыр екенін ұмытпаңдар, қазақтар!
2) Қазіргі ғаламторлық жүйенің ақпараттық көз болып тұрған шағында, сенің орыс әліпбиінде жоқ қосалқы әріптеріңді оқи алмайтын ғаламторда, соның есесінен, амалдың жоқтығынан сол дыбыстарға ұқсас орыс әріптерін қолданып жүре беретін құлақкестілікті қоятын кез келді. Егер біз латын әрібін қолданатын болсақ, комьпютер пернетақталары да бірізділене түсер еді. Sol üşın sıñar ezulikti qoyayiq, dostar!

 Редакция: Байқаған боларсыз, пікір сан алуан.  Сіз не айтасыз?  Сіздің қандай ойыңыз бар?

Жаңалықтар   (бір колонкаға) Ұлттық банк оғаш қылығымен көзге түскен банк қызметкерлерінің «қара тізімін» енгізуді ұсынды

ҚазАқпарат — ҚРҰлттық банкі менеджер ретінде оғаш қылығымен көзге түскен банк қызметкерлерін қаржы саласында жұмыс істеуіне шектеу қою қажет деп есептейді.

Бұл туралы бүгін елордада өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Ақышев мәлім етті.  

Оның атап өтуінше, ол үшін аталған санатқа жататын қызметкерлердің «қара тізімін» енгізу керек.

«Біз болашақта осындай ұсыныс жасайтын боламыз. Бұл орайда адамның конституциялық құқығы туралы мәселе туындайды. Бірақ та қандай да бір ымыраластық қажет. Біздің көзқарасымызша, кез келген жағдайда да қаржы ұйымының менеджерлігіне жіберуге болмайтын адамдардың «қара» не болмаса «сұр» тізімі болғаны дұрыс», — деді ол.

Осы ретте Д.Ақышев бұл мәселені заңнамалық тұрғыда бекіту қажеттігін алға тартты.

Сурет: to; -webkit-text-stroke-width: 0px» rel=»noopener noreferrer»>thenews.kz

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика