Бәрі де жақсы, бәрі де жақсы…
Ал бұл ретте билік Кедендік одақ нарығын отандық өндірушілер үшін еш аша алмай отыр. Идея болса, тәп-тәуір болып, өндірушілер өндірісті арттырса, бөлшек саудадағы дәрі бағасы төмендейді деп күтілген еді.
Осы жерде өте қызық сауал туындайды. Егер олар ішкі нарығын серіктестеріне ашпайтындығын алдын-ала білген болса, неліктен Мәскеу интеграциялық бірлестікке кірді?
Сауал, әрине, қызық болғанымен жартастан естілген жаңғырық іспеттес.
Ашқысы келмейді, қайтесің…
Мысалы, Ресей сөз жүзінде 2013 жылдан бастап тіркеу куәліктерін өзара мойындайтындығын уәде еткен. Жыл қазір аяқталады, ал бәрі бұрынғысынша. Бос сөз болған соң, оны іске тіге алмайсың, сондықтан Мәскеу одан ары уәде береді, ал Астанада күтуден басқа амал жоқ.
Қазақстан бұл «өзара мойындауға» өте мүдделі. Оған түсіндірме оп-оңай. Қазақстанда GMP (тиісті өндірістік тә-жірибе) барлық отандық фармкомпаниялар үшін 2015 жылдан бастап міндетті, ал Ресейде тек 2018 жылдан бастап.
Осы жерден бастап айтайық.
Дәлірек айтсақ, дәрі-дәрмектерді тіркеу процедурасынан. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда тіркеудің еуропалық үлгісі қолданылады. Ол бо-йынша 4,5 мың доллар үшін бізде бәрін істеп береді: клиникалыққа дейінгі, клиникалық, зертханалық зерттеулер жүргізіп, тіркеп береді. Бұл ретте Мәс-кеуде тіркеуден өту 100 мың доллардан асып жығылады, игілік іс бітіретін ве-домстволар бір біріне бағынбайды. Сондықтан ақша төлегеніңізбен игілік көрместен, тақыр табақты жалап қалуыңыз мүмкін.
Әрине, осыншама айырмашылықтың үлкендігін білген Ресей түйеқұс сияқты басын құмға тығып, үнсіз қалғанын дұрыс санайды. Әсіресе, тіркеу куәліктерін өзара мойындауға келгенде. Ол онсыз да түсінікті. Ресей мен Қазақстан ондай келісімге қол қойды екен, барлық ірі фармкомпаниялар дәрілерін Қазақстанда тіркеуді бастайды, себебі мұнда арзан, оңай, түсінікті де.
Кейін кедендік нольдік мөлшерлемемен өнімді ресейлік нарыққа экспорттауға болады.
Билік оған қарсы тұрарлық бірқатар шараларды талқылап та жатыр. Қазақстанның «ФармМедИндустрия» фармокологиялық кәсіпорындар қауымдастығы мен ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі импортталатын дәрі-дәрмектерге деген талаптарды күшейтіп жатыр. Бір қарағанда, шаралар нарықты өркениетті етуге және сапасыз дәрілерден мейлінше азат етуге бағытталған. Ал мұқият қарасаңыз, ол ресейлік фармацевтерге қарсы қабылдап отырған шара екенін түсінесіз.
Біз ресейліктерге қарамаймыз ба?
Түптеп келгенде Ресей өзіндегі және бөтен өндірушілерге тең жағдай жасағысы келіп отырған жоқ.
Сондықтан Кедендік одақ қазақстандық фармацевтердің басына бәле болды. Мысалы, Қазақстанда бірнеше жыл бұрын фармөнімдерді сырттан әкелуге лицензия алынып тасталған. Ондағысы қолданыстағы дәрі-дәрмектерді лицензиялау сатысы бар болғанда, оған қосымша тағы кедергі келтірудің қисыны жоқ. Ал Ресейде лицензиялау бар.
Бірақ, лицензиялауды алып тастау туралы келісудің орнына Қазақстан тағы иіліп, енді лицензиялауды қайта енгізбекші. Ол фармнарығының дамуын тежемеуі мүмкін болмады. Ал дәрілердің бөлшек саудадағы бағасына келсек, ол қосымша кедергі енгізілуіне байланысты қымбаттап кетті.
Егер жалғыз лицензиялау ғана болса ғой…
Қазақстанда кедендік қоймалар фармқызмет үшін лицензия алуы қажет емес, себебі олар негізінен тауар сақтаумен ғана айналысады. Ал Ресейде оған лицензия керек. Тағыда, әдеттегідей, иіліп, біз де лицензия енгіздік. Әбестік, әрине, бірақ ол дәрілердің бөлшек саудасындағы бағасына әсер етеді. Бірақ бұл бәрі емес.
Мысалы, ресейлік тәжірибеде, сырттан дәрі әкелетін кәсіпкер салық органдарына да кеден органдарына тапсырылған құжаттарды тапсыруы тиіс. Одан басқа, ол салық органдарына әкелінген тауарлар ҚҚС-тан босатылғаны туралы кеденшілерден растау құжатын тапсыруы тиіс. Бұл мәселеде де біз Ресейліктердің дегеніне көндік.
Нәтижесінде не болды? Қазақстандық кеден ондай растау құжаттарын беруге дайын болмай шықты, кеденшілер аталған проблеманы шешуге тырысып жатқанда тауар қоймаларда жатып қалды. Ол түптеп келгенде тұтынушылардың иығына түсетін ауыртпалық.
Ресей мен Қазақстанда дәрілерді тіркеуге қатысты мәселеде мүмкіндіктерді теңестіру үшін бізге Еуроодақтағыдай нарық субъектілерінде инспекция жүргізетін интеграцияланған жүйесін және ресми зертханалардың біртұтас желісін құру ұсынылды. Бірақ, тек ұсыныс қана болды. Бүгінге бұл салада прогресс әзірге жоқ.
Демек, биліктің Кедендік одақ тауар жолындағы, атап айтқанда, дәрілердің жолындағы барлық кедергілерді алып тастайды деген уәдесі бос сөз ғана болып отыр. Ал масштаб арқасында ішкі нарықта дәрі бағасы арзандайды деген үмітіміз ақталмады.
Бізде де ми бар
Сөзсіз, дәрілердің бағасының қымбаттығы билікті алаңдатпай қоймайды. РФ монополияға қарсы күрес федералдық қызметінің жүргізген «ТМД елдеріндегі дәрілердің бағаларына жүргізген мониторингі» атты зерттеулеріне сай, халықтың жан басына шаққандағы жалпы кірісінің дәрілерге жұмысайтын үлесі Ресей мен Қазақстанда 1,3%, ал Қырғызстанда — 0,8% екенін көрсетіпті. Бұл ТМД елдеріндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Бұл ретте Ресейде орташа жалақы 760 доллар, ал Қазақстанда 600 доллар екенін ескеру керек.
Осыдан келіп, халық наразы, жүйкесі тозған екені де түсінікті. Сондықтан билік шара қолдануда. Атап айтқанда, ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігі мен денсаулық сақтау министрлігі дәрілердің бағасын мемлекеттік реттеу керек деп отыр. Ол дәрілердің бағасының негізсіз шарықтауына тосқауыл болмақшы.
Еске салайық, Беларусияда дәрілердің бағасын мемлекет реттейді, Ресей мен Қазақстанда жартылай, Тәжікстан мен Қырғызстанда мемлекеттік реттеу жоқ.
Сонымен қатар билік тағы бір меморган құруды ұсынып отыр. Оларға Денсаулық сақтау министрлігінің фармнарықты реттеп отырған комитеті ұнамай жатқанын, не басқа себеп барлығын айту қиын. Бұл ретте сарапшылар фармнарықты қадағалау қазір өте тиімді дегенге келіседі. Сонда осы тиімді комитеттің орнына тағы жеке меморган құру қажеттілігі неде деген сауалға жауап жоқ.
Сіз біздің шенеуніктердің бізге неге ұнайтынын білесіз бе? Олар бастамашыл. Сондықтан фармнарықты жетілдіру әрекетінен қаржы министрлігі де тыс қалмады. Олардың пікірінше, Қазақстанға қайткенде де дәрілерді сатып алатын бірыңғай мемлекеттік орган қажет. Демек, медмекемелер үшін СҚ «Фармацмия» жүргізіп отырған орталықтандырылған сатып алулар жеткіліксіз шара. Яғни, бөлшек саудадағы бағаны да бақылауға алу керек. Солай деп түсінсе болады.
Таң қаларлығы көптеген жергілікті сарапшылар қаржыгерлердің ұсыныстарына қуанышты емес. Мысалы, сарапшы Сергей Смирнов қазірдің өзінде «жеке меморган» маржа жинаушы кезекті орган деп танып отыр. Бұл ретте ол «Фармация» АҚ ЖШС қайғылы тәжірибесіне сілтемелейді, себебі әр жылдың басы аурухана мен емхана басшыларының дәрі жетіспейтіндігі туралы жаппай шағымынан басталады. Ең ерешелігі – орталықтандырылған дәрі сатып алу дәрілердің бөлшек саудадағы бағасының төмендеуін ынталандырмады: керісінше, олар қымбаттады.
Бәрі бейберекет
Айтпақшы, ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігі дәрілерге мемреттеу керек деген өзінің ұсынысын фармнарықтың стихиялықтығымен түсіндіреді. Атап айтқанда, мұнда дәрілерді алмастыру критерийлері нақты көрсетілмеген, және ортадағы көтерме делдалдардың саны тым көп, ал ауылды жерлерде ешқандай бәсекелестік жоқ.
Бірақ дейтін жерлері де бар. Ешкім де нақты білмейтіні – дәрілерге қандай көтерме және бөлшек баға реттелуі тиіс. Әзірге меморгандар оны шешкенше, осы мемреттеу қандай болатынын қарап көруді ұсынамын. Құдайға шүкір, ондай тәжірибе бар.
Егер сізді бензиннің бөлшек саудасында мемреттеу қандай екенін сипаттауды сұраса, сіздің тіліңізден еріксіз былапыт сөз шығып кетуі әбден мүмкін. Бүгін қолданыстағы мемреттеу шағын компаниялардың үстінен төніп тұрған семсер. Бізде әлемдік коньюктурамен емес, көрші Ресейдегі бензин бағасын мемреттеу нашарлығынан туындаған баға секірісі біздің шағын компанияларды тізе бүктіреді. Нарық безгек ұрғандай сілкінеді, ал дәрігерлер дәрі беріп үлгермей жатады. Осыдан келіп, дәрілерге мемреттеу тиімді болады деп ойлау тым аңқаулық.
Айтпақшы, тағы бір негізгі фактор туралы айтпасқа болмайды. Дәрілерге мемреттеуді енгізу шын мәнісінде нарыққа қарсы шара. Сондықтан егер билік жасанды түрде көтерме саудадағы және дәріханалардағы дәрі бағасын төмендететін болса, дәріханаларға арзан дәрілерді сату тиісмсіз болады. Ресей нарығында осындай шараларды енгізгенде солай болып шыққан да.
Бүгін нарықтағы жағдай мәз болмағанымен, аздап болса да түсінікті.
Делдалдар дәрі бағасын едуір көтереді, ал дәріханалар да олардан қалыспайды, нәтижесінде – тұтынушылар делдалдар мен дәріхана иелерінің тамаша өміріне өз қалталарынан төлейді.
Көп әрі сапалы болғаны жақсы
Дәрі-дәрмектің бөлшек саудадағы бағасын төмендетудің тағы бір тәсілі қазақстандық мазмұнды арттыру деп санайды биліктегілер. Жоспарға сәйкес жылдың аяғына қарай отандық дәрі-дәрмектің ішкі нарықтағы үлесі 30%- дан 50%-ға дейін артуы тиіс.
Бүгінгі таңда Қазақстанда дәрі -дәрмек өнімдерін шығаратын 80 кәсіпорын бар. Бірақ солардың ішінде толық өндірістік кезеңі бар 6-уы ғана барлық қазақстандық дәрілердің 90% -ын шығарады. Олар- «Химфарм» АҚ, «Глобал Фарм БК», «Нобел АФФ»АҚ, «Ромат», «Нұр-Май Фарм»ЖШС, «Карағандылық фармацевтикалық кешен».
Алайда отандық нарықтың игерілу қарқынын жоғары деп атау қиын: елдегі пайдаланылған дәрі-дәрмектің тек 10%-ын ғана шығара отырып, 15 жыл ішінде отандық өндірушілердің үлесі ақшалай айтсақ, 3% -дан 10%-ға дейін артқан.
Себеп — отандық өнім ассортиментінің (әр түрлілігінің) аздығы. Сондықтан да нарықтың импортқа тәуелділігі таңданарлық жағдай емес. Бірақ жақсы жаңалық та бар. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2008 жылы импорттық дәрі-дәрмектің үлесі барлық нарық құнының 90%-ын құраса, бүгінгі таңда — 70%-ын құрап отыр. Бірақ 70%- да көп. Бұл жағдайды дұрыстау үшін 2013 жылы ғылым қорының күшімен ҚР білім және ғылым министрлігі биофармацевтикалық зауыт құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоспарға сәйкес аталмыш кәсіпорында медициналық вакцинамен қатар, ветеринарлық мақсаттағы вакциналар да шығаратын болады. Жалпы 50%-дық деңгейге көтерілу үшін биліктегілер 2010-2014 жылдар арасында аталмыш салаға 7,2 млрд доллар көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр. Және бұл қаржы да әлден жұмыс жасап жатыр.
Басқа да бірқатар фармацевтикалық өндірістер құрылыс деңгейінде тұр. Оларға қымбат емес дәрі-дәрмектерді шығару үшін (естеріңізде болса, мемлекеттік реттеу дәріхана желісінен қамбат емес дәрілерді ығыстыруғаәкеліп соқтырады) биліктегілер олармен 7 жылға арналған ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қоюды жоспарлар отыр.
Дегенмен сұрақтар да азаяр емес. Атап айтсақ, отандық зауыттар қымбат емес дәрілердің барлық түрін шығара ма, егер шығара алмаса, мемлекеттік реттеуді енгізгеннен кейін кемшіліктер міндетті түрде пайда болады.
Бағалар шарықтап барады
Биліктегілер, нарыққа қатысушылар мен басқа да мүдделі тараптар бар ықыластарымен дәрі-дәрмектің бөлшектік бағасын төмендету мәселесін талқылап жатқанда бағалар шарықтап барады. Мысалы 2012 жылдың сәуір айында ғана Virtis консалтингілік тобы зерттеу жүргізген болатын. Нәтижесінде Қазақстандағы дәрілердің бағасы екпіндеп қымбаттап жатқаны белгілі болды. Дәрілердің қымбаттағаны соншалық оны байқамау мүмкін емес болатын.
Егер 2008 жылы бөлшек саудада 491 млн қорап сатылса, 2011 жылы 383 млн қорап сатылған. Оның үстіне 2008 жылы қазақстандықтар дәрі-дәрмек үшін 793 млн доллар, ал 2011 жылы — 962 млн доллар жұмсаған. Айырмашылықты есептеп жатпай-ақ көруге болады. Ал 2012 жылы қазақстандықтар дәрі-дәрмектерге 1,2 млрд доллар жұмсаған. Және де көріп отырғанымыздай бұл жылы 2011 жылға қарағанда аз қорап сатылған.
Ең қызығы отандық өндірістің дәрі -дәрмектері негізінен ауруханаларға түсетіндіктен, бағаларын түсірмейді. Ондағы олардың үлесі тұрпаттық сипатта 53%-ды, құны бойынша 12,8%-ды құраған. Ал олардың бөлшектік саудадағы үлесі тұрпаттық сипатта 25%-ды, ал құны бойынша 7,2%-ды құраған. Мұндай жағдайда импорт бірте-бірте бөлшек саудадағы отандық дәрілерді ығыстырып шығарады.
Сонымен қатар нарықтың тағы да бір ерекшелігін ескерген жөн. Атап айтсақ, оны түпнұсқалық препараттар нарығы және дженериктер нарығы деп бөлу керек. Сонымен дәрі-дәрмектердің түпнұсқаларын өндіруші фирмалар сатса, дженериктер (түпнұсқалардың көшірмелерін шығарушылар) түпнұсқа формуласын қорғау патентінің уақыты біткесін басқа компаниялар шығарады. Әдетте ол мерзім 5-7 жылды құрайды.
Қазақстандық нарықтағы түпнұсқалы дәрілердің үлесі 10,9%-ды құрағанмен, олар барлық сатылым көлемінің жартысын ғана құрап отыр. Айтпақшы, олардың бағалары да дженериктердікіне қарағанда жылдам өседі.
Өзіңіз салыстырыңыз: 2003 жылы фирмалық қорапты орау орта есеппен 2 еуро, 2011 жылы — 6,28 еуро болған. 3 еседен астам айырмашылық көзге ұрып тұр. Ал дженериктердікі бағасы жағынан баяуөсіп жатыр: 2003 жылғы 80 еуро центтен, 2011 жылы 1,23 еуроға дейін ғана өскен.
Сонда, дәрі-дәрмектерге мемлекеттік реттеу енгізуге тырысқаннан гөрі, ең алдымен Ресей және Кедендік одақпен барлық мәселені шешіп, қолдампаздықты ықшамдап, бәсекелестікті дамыту қажет.
Басқа амал да жоқ.
ҚазТАГ – Толқын ТӘШІМОВ.
Leave a Reply