Шымкенттегі Дендросаябақта ағаш түрлері көбейе бастады. Әсіресе соңғы уақытта Оңтүстікте жоқ тұқымдар көбеюде. Бұл жетістікке осы салаға ғылымның араласуы себеп болған. Өйткені, ғалымдар өсімдік санын көбейтіп ғана қоймай шеттен әкелінген өсімдіктердің сонда бейімделіп кетуіне көмектеседі. Осындай еңбектің ар|асында қалада арша, шырша, сирек кездесетін алма түрлері мен бокс ағаштары, тіпті шынар емендер өсірілуде.
Бұл жылыжай — Шымкент дендросаябағының балабақшасы. Мұнда кесінділер қайыңға, ал тұқымдар арша, бокс ағаштары ерекше бұталарға айналады. Өркендер күшейе салысымен олар ашық аспан астындағы питомникке жіберіледі. Қазірдің өзінде дендросаябақта болмаған 10 мыңнан астам ағаштар мен бұталар бар. Ғалымдар әр көшетті тәулік бойы бақылап отырады, сол арқылы сол Еуропадан жаңадан келгендер оңтүстік климатта тамыр жайып кетеді.
Ақнұр Шүленбаева — Дендросаябақтың ғылыми жетекшісі:
— Біз суыққа төзімсіздерінің үстін жауып, ал ыстыққа төзімсіздерін көлеңке жерге отырғызып олардың үстінен көлеңке жауып, өзіміздің ауа-райына қолайлыландырып жатырмыз
Питомник дендропарк қызметкерлеріне бұрынғы даңқын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұрын мұнда Қызыл кітапқа жататын 560 өсімдік түрі өсетін. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында олардың жартысынан көбі оталды. Қазір соның орнын толтыру үшін көшеттер әртүрлі елдерден жеткізіліп жатыр. Тек биылдың өзінде Шымкентте болмаған гүлді бұталардың 95 түрін әкелінді. Өсімдік тұқымы жеткізілгеннен кейін қызметкерлер оларды көбейтеді.
Ақнұр Шүленбаева — Дендросаябақтың ғылыми жетекшісі
— Биыл жаңадан 102 түрлі ағаш дайындалды. Емен, пісте, бадам, тіпті шынар ағаштары отырғызылды.Тұқымнан шыққан шынардың алып ағашқа айналуы үшін қанша жыл қажет екенін айту қиын. бірақ дендропарктегілер күтуге дайын. Себебі, мұнда ұзақ өмір сүретіндігі үшін шынар ағаштары өте танымал, оны көбінесе саябақтың құрметті қонақтары отырғызады. Мәселен, мына шынар ағашын 38 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев отырғызған. Ол кезде ол әлі президент болған жоқ. Ал, мына ағашты Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы отырғызды. Ол Елбасы ел тізгінін жаңадан қолға алған болатын.
Leave a Reply