Ел Тәуелсіздігіне бірі кем 30 жыл. Осы орайда 10 жыл бұрын бой көтеріп, орын алған тарихи-саяси оқиғаларға куә болған «Тәуелсіздік саябағы» туралы толғанбауға бола ма? Өйткені, ол мекен – тарихқа куә. Бүгінгі жетістігімізге таразы. Республика бойынша жоғары дәрежелі мәртебе — «Мемлекеттік сыйлыққа» ие болуы да тегін емес. Өйткені, ондай саябақ байтағымызда жалғыз.
Дидар Өмірзақова, журналист:
– Бұл саябақ — өткен мен бүгіннің өткелі. Ала дорба асынып, алмағайыпта мал-жан баққан қазақ пен еңсе тіктеп, қадам нықтап, белгілі бір кәсіптің арқасында тиын тапқан қазақтың тағдырына куә. «Тәуелсіздік саябағы» — тарихқа таразы. Дархан даламыздың кеңдігі мен 130 ұлт пен ұлыстың елдігіне өлшем. «Тәуелсіздік саябағы» – Тәуелсіздік ұғымымен шендеседі.
Пернехан Бақбердиев, қала тұрғыны:
– Ордабасы алаңындағы «Жер ана» монументі мен «Тәуелсіздік саябағын» ұзындығы 104 метрлік көпір жалғап тұр. Жергілікті тұрғындар бұл көпірді ескі тарих пен жаңа тарихты байланыстырып тұрған «Алтын көпір» деп атап кеткен. Ал, «Рәміздер алаңында» орын тепкен биіктігі 25 метрлік найзалардың ортасында көлемі 128 шаршы метрлік көк туымыз 50 метр биіктікте желбіреп тұр. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлап қана қоймай, ұлтжандылық рухын арттырады.
Д.Өмірзақова
shymkenttv.kz
Leave a Reply