Былтыр ғана сәуірдің 25-де ақын Құрал Көмектің «Бөрілерге гипотеза» жыр жинағымен танысқан Оңтүстіктер, биыл мамыр айының ішінде «Мен – даланың ұлымын» атты толғау-поэмасының тұсаукесер жиынның куәсі болды. Толғау-поэма түрік және орыс тілдеріне сәтті аударылған екен. Бұл шығармашылық кештің өзгешелігі сонау Туркиядан арнайы келген жоғарғы оқу орындарының беделді профессоры бауырымыз Ильяс Доған бастаған түрік ағайындардың жылы лебізі болды. Кешке белгілі қаламгерлер М.Байғұт, А.Аймақ т.б. ақын жазушылар қатысты. Кешті А.Аймақтың өзі жүргізіп отырды. Кеште сөз алған профессор Б.Ысқақ ақын Құрал Көмектің «Мен – даланың ұлымын» толғау-поэмасын үлкен тебіреніспен айтып, Туркиядан келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Осындайда білінетін түркілік бауырларымыздың патриоттық сезіміне тәнті болдық. Б. Ысқақ сөзін түйіндей келе шығарманың ағылшын тіліне аударылып оның ЭКСПО- 2017 жіберілсе деген ұсынысы көпшілікті елең еткізді.
Туркиялық бауырымыз профессор Ильяс Доған өз кезегінде «Мен – даланың ұлымын» шығармасына үлкен мән беріп, бұл шығарма бүкіл түркі халқына ортақ туынды екенін және оның түркілерді біріктіру идеясының маңызы зор екенін айтты және толғау-поэма алғашқы рет республикалық дүние «Ахысқа» газетінде жарияланғанын мақтан етті.
Ильяс Доған ақын Құрал Көмекті Туркияға арнайы шақыратынын және «Мен – даланың ұлымын» поэмасын Туркияда жастарға тарату мәселесін қолға алатынын айтып уәде берді. Кеш соңында жастар ақынның поэмасынан түрікше, орысша аудармасынан өлеңдер оқыды. Оңтүстік Қазақстан газетінде «Түріктерді таңқалдырған туынды» атты А.Аймақтың мақаласы да жарияланды. Лиро эпикалық толғау-поэмаға кіріспе сөз жазған белгілі ақын Физули сыйлығының лауреаты А.Аймақ: «қазақ мемлекетінің мәртебесін асқақтататын дүние» десе, Туркиялық бауырымыз Ирфан Йылдыз «Күмбет» атындағы Әдебиет Мәдениет «Өнер» журналының бастығы: «ақынның осы жұмысы түрік тарихына сүйене отырып қаламға алуы да сонымен қатар ғылыми жағынан байытып отыр. Кітапта тарих, мәдениет, достық және бірліктің қаламға алынуы оқырмандар бойында күшті әсер туғызды»-дейді. Ал, әдебиетші, журналист Зинайда Савина: «Что хочется отметить особо – величайшее жизнеутверждающее звучание поэмы! Она – гимн не только своему народу, человечеству, но жизни в целом»– деп баға беріпті.
Leave a Reply