tories/65408805_2_644x461_otau-tv-sputniki-fotografii_rev001.jpg» width=»300″ height=»225″ alt=»65408805_2_644x461_otau-tv-sputniki-fotografii_rev001″ style=»float: left;» />
Осы аптада облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Г.Тағаева 11 айында атқарған жұмыстары бойынша журналистерге есеп берді. Басқарма басшысы өз есебінде жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысына тоқталып, онда халықтың билікке деген сенімі жоғары, көңіл-күйі бірқалыпты екенін айтып өтті. (Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің облыстағы қоғамдық-саяси тұрақтылық бойынша жүргізген зерттеуінің қорытындысы).
Басқарманың «Әлеуметтік бастамалар орта-лығының» жоспарына сәйкес 17 тақырыпта, жоспардан тыс 4 тақырып, барлығы 21 тақырып бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізілді.
Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер тиісті жұмыстар атқару үшін аудан, қала әкімдіктеріне жолданып, олар бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде аудан, қалалардан жинақталған мәліметтер сарапталып, келесі жүргізілген зерттеудің қорытындысымен салыстырылып, талданады. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіру мен насихаттау мақсатында 1151 мүшесінен тұратын 205 облыстық, қалалық, аудандық насихаттық топтар құрылған. Ақпараттық-наси-хаттық топтың құрамына облыс басшылығы, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық және аумақтық басқарма басшылары, жоғары оқу орындарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ұлттық-мәдени орталықтар төрағалары, саяси партиялар филиалдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері енгізілген. Сондай-ақ, Жолдаудың салалары бойынша жалпы 23 бейнеролик, 2 фильм дайындалып, жергілікті телеарналар арқылы көрсетілді.
Айта кететін тағы бір жайт осы жылдың 20-желтоқсанынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары сандық форматтағы теледидар хабарларын жоғары сапада, әрі тегін тамашалай алады.
Оңтүстік Қазақстанда 67 мың жерлесіміз «Отау ТВ» ұлттық желісіне қосылған. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш екенін мәлім етті. Мұнан бөлек, салада түрлі жұмыстар жасалған. Ол әсіресе, Елбасының жолдауын насихаттауда орын алған. БАҚ пен мәдениет, дін саласында да жетістіктер жетерлік. Басқарма басшысы бұл жұмыстардың алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді. Осы ретте, «Оңтүстіктегі саяси тұрақтылыққа Елбасының да көңілі толды» деп қорытты сала жетекшісі.
ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
Leave a Reply