Бухгалтер керек, бухгалтер…

tories/buhgal4.jpg» width=»300″ height=»188″ alt=»buhgal4″ style=»float: left;» />

       2013 жыл бойынша мол сұраныстағы мамандықтар тізімін бухгалтерлер  бастап тұр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі HeadHunter зерттеу орталығына  сілтеме жасап.
       Қаржыгерлерге жұмыс тапшы деп кім айтты? HeadHunter зерттеу орталығы ұсынған  мәліметтерге сәйкес, hh.kz сайтында жарияланған бос жұмыс орындары рейтингінде  бухгалтерлер топ бастап тұр. Оларға деген сұраныс жалпы жарияланған бос  орындардың 7,1 пайызына тең. Тағы бір таңғаларлық жайт, биыл заңгерлерге деген  сұраныс та күрт артқан екен. Олар аталмыш рейтингте екінші орынға табан тірепті  (3,1%). Үшінші орында – жүргізушілер (2,6%). Ал кеңсе менеджерлеріне деген сұраныс  рейтингте төртінші орында (2,1%). Бесінші орынды инженерлер мен сатушы менеджерлер өзара бөліскен (1,7%). Бір айта кетерлігі, инженерлер бос жұмыс орындары рейтингінің үздік бестігіне алғаш рет ілікті.
       Рейтингтің топ-20 тізіміне бастық көмекшісі (0,5%), программист (0,4%) және аймақтық менеджер (0,4%) мамандықтары биыл тұңғыш рет қосылып отыр.
       «2013 жылы hh.kz сайтының пайдаланушылары іздеген әрбір 14-ші мамандық бухгалтер болды. Әрбір 32-ші сұраныс заңгерлерге қатысты түсті. Биыл «Өндіріс» кәсіби саласында инженерлерге деген сұраныстың артқанын да айтып өткен жөн. Сонымен қатар, былтыр үздік 20-ны бекіткен жүйелік әкімшілер болса, биыл олардың ор-нын программистер басты», — деп түсіндіріп өтті HeadHunter Қазақстан компа-ниясының марке-тинг және PR жө-ніндегі директоры Марина Сакиева.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика