tories/22206519.jpg» width=»300″ height=»201″ alt=»22206519″ style=»float: right;» />
Бiлiм және ғылым министрлiгi ҰБТ-ны онлайн режимде өткiзуге мүдделi. Мәжiлiсте өткен үкiмет сағаты барысында ҚР Бiлiм және ғылым министрі Аслан Сәрiнжiпов осылай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бiз бүгiнгi күнi бiлiм беру мазмұнын жаңартып, бұрынғыдан көбiрек бiлiм мен дағды беретiн боламыз деп айтып жатырмыз. Ал бұл бiлiмдi бағалау жүйесi де оның мазмұнын көрсете алуы тиiс», — дедi министр.
Оның айтуынша, 2014 жылы ҰБТ жү-йесi өзгерiссiз қалмақ. Ал, 2015 жылдан бастап оған жаңашылдықтар енгiзiлмек.
«Бiз бұл жүйеге жаңа технологияларды енгiзетiн боламыз. ҰБТ-ны интернет арқылы онлайн режимде тапсыру мүмкiн-дiгiн ұсынамыз. Бұл — SAT, TOEFL, IELTS сынақтарында қалыптасқан халықаралық тәжiрибе.Оны бiз ҰБТ мен Қазтестке де енгiзуiмiз керек», — дедi А.Сәрiнжiпов.
Сонымен қатар, ҰБТ нәтижесімен студенттердi оқу орнына қабылдау бойынша ЖОО өз шарттарын енгiзу мәселесiн қарастыру жоспарда бар.
«Назарбаев университетi тәжiрибесiне сәйкес, олар қандай оқушылардың оқуға түсе алатынын анықтайтын талаптарды бекiтедi. Ұлттық ЖОО-да да мұндай өзгерiс болуы мүмкiн», — деп толықтырды министр.
Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА.
Leave a Reply