ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Түркістан облысы Келес аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Мерекелік кеш барысында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси еңбек жолына кең көлемді шолу жасалды. Келес ауданы әкімі міндетін уақытша атқарушы Алмас Сексенбаев құттықтау сөзінде ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  еліміздің егемендік алған жылдарынан бастап мемлекеттің дамуы мен өркендеуі жолындағы ерен еңбектеріне айырықша тоқталды. Елбасының Тәуелсіздікті тұғырлы етудегі сарабдал саясаты, экономиканы, ішікі келісімді, мемлекет арасындағы татулықты өзінің бар тәжірибесімен, іскерлігімен жүзеге асырғанын айтып өтті. Тұрақтылық пен татулықты басты бағдар еткен елімізде  Тәуелсіздік жылдарында Отанға деген жауап-кершіліктің жаңа дәстүрі қа¬лыптасқанын мақтанышпен жеткізді.

«Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Елбасымыздың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басшылығына қиын кезеңде келді. Алайда, Тұңғыш Президентіміз өз кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігерінің арқасында қиындықтарды жеңіп, еліміздің еңсесін тіктеді»,-деді Алмас Икрамұлы.

Мұнан соң салтанатты жиында Келес ауданының дамуына  сүбелі үлес қосқан бірқатар сала қызметкерлерді марапатталды. Шара соңы Әшірәлі Кенжеев атындағы мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика