«АЛТЫН КҮЗ» — ТОЛАЙЫМ ТАБЫСТЫҢ МЕРЕКЕСІ

Түркістан облысы Келес ауданының шаруалары, жиын-терім науқанын табыспен аяқтап,  «Алтын күз — 2021» мерекесін тойлады. Салтанатты жиында аймақтың ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері паш етіліп, мерекеге келушілерді аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев  құттықтады.

Биыл Келес ауданында  егіс көлемі 187 гектарға ұлғайып, 24,5 мың гектарға жетті. Соның арқасында көкөніс, картоп және бақша дақылдарынан 443,4 мың тонна өнім жиналды. Бұл жоспардағыдан 120,5 пайызға артық. Сондай-ақ күн райының қолайсыздығына қарамастан қамба да астыққа толды. 24,4 мың тонна дәнді дақыл теріп алынды. Өнім көлемі, гектар түсімділігінің арттыруы негізінен шаруашылықтардың агро технологиялық іс-шараларды дұрыс жүргізу және  озық технологияларды ендіру  нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Оның ішінде, ауданда 316 шаруашылық ашық алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу әдісін пайдаланып табысын еселеді.  Олар тиімді технологиямен 69,4 мың тонна бақша және көкөніс өнімдерін өндірді.

Аудан әкімінің орынбасары  Абай Жаңбырбаев ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруден озат атанған шаруаларды арнайы сыйлықпен және аудан әкімінің алғыс хатымен  марапаттады. Шара соңы, Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары  дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика