Биыл ел аумағында болған қуаңшылық батыс өңірлерімен қатар, Түркістан облысы, Келес ауданының шаруаларын да титықтатып тастады. Жауын-шашынның жоқтығынан көк жерден бой көтере алмады. Бұл жағдай мал азығына сұранысты арттырып, алып-сатарлар арқылы бағаның өсуіне алып келді.
Келес ауданы бойынша бүгінгі таңда 610 шаруа қожалығы мен 11 190 қосалқы шаруашылығы бар үй іргелік мал шаруашылығымен айналысады. Аудан аумағында мал азығы өнімі бойынша толық анықтау зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 14 390 тонна жем-шөп қажеттілігі анықталды.
Осыған орай, Келес өңірінің мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерді қолдау мақсатында Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен мал азығын сатып алу шығындарын азайту үшін төмен пайызды мөлшерлемемен қаржы ұйымдары арқылы несие беру тетіктері қарастырылды. Бүгінгі таңда өңірдегі мал шаруашылығымен айналысатын Бозай, Жамбыл және Бірлік ауылдық округінің 54 шаруасы несие алуға өтінім берді.
Көрнекі фотосурет ашық көздерден алынды
Leave a Reply