МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ 55 АЗАМАТТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТІКТЕЛДІ

ҚР еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты № 7 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі ағымдағы жылдың 10 айында Келес ауданы бойынша 1 мың 119 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде 273 адам алғашқы рет мүгедектігін дәлелдесе, 755 азамат жұмысқа жарамсыз екенін қайта куәландырды. Аймақта азаматтардың денсаулығын оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленген. Бұл туралы Келес ауданы жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Бауыржан Әбілдаев мәлімдеді.

Бөлім басшысының мәліметі бойынша мүгедектікке шалдыққан ересектер арасында алғаш рет мүгедек деп танылғандардың арасында ең көбі қан айналымы жүйесіне шалдыққандар болып отыр. Одан кейінгі орында жарақат алғандар.

Ал, 18 жасқа дейінгі балалар арасында келесі ауру түрлері алдыңғы үш орынды алды. Бірінші орында дамудың туа біткен (бұрыстық, хромосомдық) аномалиялар — 50,0%, екінші орында жүйке жүйесінің және психикалық аурулар – 10,7%, үшінші орында жарақаттар – 7,1% құраған.

Сонымен қатар, 2021 жыл 10 айлық есеп қорытындысы бойынша оңалту шараларын жүргізу нәтижесінде қайта куәландырылған барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында 55 мүгедек немесе 5,8 пайызы толық оңалтылса, ал 46 мүгедек (9,9%) жартылай оңалтылды және 32 (4,4%) мүмкіндігі шектеулі азаматтың мүгедектік топтары тыныс-тіршілік ету қабілеттерінің нашарлап кетуіне байланысты күшейтілген.

Көрнекі фотосурет ашық көздерден алынды

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика