ЕЛ АЛҒЫСЫ ЕҢБЕККЕ!

Бүгін Түркістан қаласында «Ел алғысы -Еңбекке» мерекелік акциясы өтті. «Nur Otan» партиясының мүшесі, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Арыстанов Сүлеймен Тұрсымбайұлы осы акцияға қатысты.

Еңбеккерлерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға 450-ден аса тұрғын қатысты. Аталған жиында шаһардың коммуналдық саласында, тазалығында қызмет етіп жүрген 20 азаматқа «Түркістан қаласына сіңірген еңбегі үшін» медалі мен Алғыс хаттар табысталды.

Қала басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы Түркістан шаһарының көркейіп, гүлденуіне сіңірген еңбектері үшін әр қызметкерге зор құрметпен алғысын білдіріп, алғыс хат пен сый-сияпат табыстады. Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Мақсат Таңғатаров та сөз сөйлеп, мәслихат тарапыпан 5 азаматты алғыс хатпен марапаттап, сыйлық ұсынды. Кездесуге келгендер осындай жүрекке жылу ұялатар керемет кештер алдағы уақытта жалғасын тапса екен деген ниетпен қала басшысы мен мәслихат хатшысына алғысын айтып тарқасты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика