Сарыағаш тұрғыны 4 бірдей баласын саудаға салған

       «Естімеген елде көп…» ОҚО-ның 27 жасар жергілікті тұрғы-ны өз балаларын саудаға салған. Белгілі болғандай, көпбалалы ана осы уақытқа дейін жымысқы әрекетін жергілікті емханалардың бірінде істейтін медбикемен бірлесе жүзеге асырып отырған. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан хабарлап отыр.
       «ІІБ-ның қызметкерлері жүргізген тергеу жұмыстары барысында анық болғандай 27 жасар жергілікті тұрғын өзінің кәмелеттік жасқа толмаған балаларын Сарыағаш ауданының Құркелес ауылындағы фельдшерлік акушерлік емханасының медбикесі арқылы саудалап отырған», — дейді Сарығаш ауданының прокуроры Хали Маматаев. Оның айтуынша, басында баспанасы жоқ жұмыссыз келіншек соңғы бірнеше жылда өз балаларын әртүрлі адамдарға: 7 жасар қызын 30 мың теңгеге, 4 жасар ұлын 30 мың теңгеге және 5 жасар ұлын 40 мыңға, ал ең кішкентай қызын 120 мың теңгеге саудалаған.
       Әбүйір болғанда араға ай салып 7 жасар қызын сатып алған әйел қызды анасына қайта қайтарып береді. Қызды керек қылмаған ана оны бұрынғы күйеуінің ата-анасына апарып тапсырған.
      Қазіргі таңда балалардың бірі ата-апасының қолында және бірі балалар үйіне өткізілді. Қалған екі бала іздестірілуде дейді, — Х. Маматаев.
      Qaznews.kz 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика