tories/slovo-time_inside_wod_article_cover.jpg» width=»300″ height=»225″ alt=»slovo-time_inside_wod_article_cover» style=»float: right;» />
Бір күні әкесі үйіне жұмыстан кеш келеді, шаршаған, есіктің алдында бес жастағы баласы күтіп тұр екен.
– Әке, сенен бір нәрсе сұрауға бола ма?
– Әрине, не болып қалды?
– Әке, сенің жалақың қанша?
– Бұл сенің жұмысың емес! – деп әкесі ашуланды. – Оны қайтейін деп едің?
– Жай, білгім келеді. Сағатына қанша аласың айтшы, өтінемін?
– Жалпы 500 теңге. Оны неге сұрадың?
– Әке… — баласы жоғарыдан төмен қарай бір қарап. – Әке, маған қарызға 300 теңге бере аласың ба?
– Ойыншық алу үшін ғана менен ақша сұрайсың ба? – деп әкесі айғай салды.
Бөлмеңе барып, тезірек ұйықта! Мұндай өзімшіл болуға бола ма! Мен күні бойы жұмыс істеймін, қатты шаршаймын, ал сен өзіңді осылай сорақы ұстайсың.
Бала ақырын ғана бөлмесіне кіріп, есігін жауып алды. Ал әкесі есіктің жанында тұрып баласының өтінішіне ашуланып тұра берді. «Қалай ғана менің жалақымның қанша екендігін сұрайды, содан кейін тіпті менен ақша сұрайды?»
Біраз уақыт өткен соң, ол қалпына келіп, ойлана бастады: «Мүмкін, шынымен де оған маңызды бір нәрсе сатып алу керек шығар. Сол 300 теңгеге қарап қалған жоқпын, ол менен бұған дейін ақша сұрап көрген емес». Әкесі бөлмеге кіргенде, баласы төсекте жатыр екен.
– Ұйықтап жатқан жоқсың ба, балам? – деп сұрады.
– Жоқ, әке. Жай жатырмын, — деп бала жауап берді.
– Мен саған тым дөрекі жауап берген сияқтымын, — деді әкесі. – Бүгін ауыр күн болды, ашуымды сенен алдым. Кешір мені. Міне, сен сұраған ақша.
– Бала төсекке отырып, қуанып кетті.
– Әке, рахмет!- қуана айқайлады.
Жастығының астынан бірнеше жинаған майда ақшаларды алып шықты. Баласында ақша бар екендігін көрген әкесі қайтадан ашуланды. Ал бала барлық ақшаны қосып, санап шықты да, әкесіне қайта қарады.
– Ақшаң бола тұра, қайтадан неге сұрадың? –деп әкесі айғай салды.
– Себебі менде жеткіліксіз болды. Енді міне маған жететін болды, – деп бала жауап берді. — Әке, мұнда дәл 500 теңге. Сенің уақытыңның бір сағатын сатып алуға бола ма? Өтінемін, ертең жұмыстан ертерек келші, сенің бізбен кешкі асты бірге ішуіңді қалаймын.
Ақжарқын ИЛЬЯСОВА, мектеп психологы.
Петропавл қаласы.
Leave a Reply