tories/PHOT0017.jpg» width=»350″ height=»263″ alt=»PHOT0017″ style=»float: right;» />
Жо-жоқ, біз қателесіп отырған жоқпыз, қателесіп отырған «Халық банкі»
Жүгіріп барып құлап қаламыз. Қайта тұрып жығылып жатамыз. Өзге ешкімге де кінә арта алмаймыз. Неге десеңіз кінәнің көбісі өзімізден шығып жатады.
Бұл жолы біз кінәліні дөп басып айта алмай отырмыз. Жарнамаға тапсырыс беруші ме, жоқ жарнама жасаушы ма? Бір анығы бақылаушы жоқ.
Шымкенттен шығып,Ташкентке бағыт алған күре жолдың бойында «Халық банкінің» жұмысын жарнамалаған үл-кен бильборд ілулі тұр. «Көркіне» дауымыз жоқ. Ал, тіліне келсек… Сақау. «Шағын бизнеске аналған акция» дейді. Р әрпінің кімге жақпай қалғанын.
Халықаралық санаты бар жолмен қанша жолаушы арлы-берлі қатынап жатыр. «Халық банкінің» жарнамасына көздің түспеуі мүмкін емес. Қалай ойлайсыз, олардың қай тілдегі жарнаманы оқулары мүмкін.
Орыс тіліндегіні болар. Өйткені, орысшасында қате жоқ! Ал, қазақшасы САҚАУ.
Сонымен жарнамаға тапсырыс беруші табылды. Жарнама жасаушы мен бақылаушы мекемеге іздеу саламыз!
Ж.ҮСЕНТАЕВ, «Қызмет».
Leave a Reply