tories/450_528770ee524f4.jpg» width=»300″ height=»180″ alt=»450_528770ee524f4″ style=»float: right;» /> Болат Манкенов:
«Астана арландары» Бүкіләлемдік бокс сериясы аясындағы кезекті жекпе-жегінде Ресей құрамасын 5:0 есе-бімен ойсырата жеңді. Куба қабыландары мен Әзірбайжан боксшылары-нан ұтылып, жанкүйерін біраз өкпелетіп алған «арландардың» бұл жеңісін бас менеджер Болат Манкенов «Алашарена» үшін арнайы қорытындылаған еді.
— Жігіттер жарады. Осы кездесуге негізінен команда қатарына жаңадан қосылған боксшыларға үміт артып едік. Бәрі де бапкер сенімін ақтады. Олардың жеңісінің басты кілті деп – бапкердің нұсқауын дұрыс орындағанын айтар едім. Сөз жоқ, бұл жеңіс жігіттерді қуантып тастады. Өйткені, Ресей боксшыларының әлемдегі орны жоғары екенін білесіздер, — дейді Болат мырза.
Команда басшысынан «Баку оттарынан» жеңілу себебін де сұрамай кетпедік.
— Аталған сында жеңген жоқпыз, бірақ жеңілді деуге де ауыз бармайды. Біздің жігіттердің басты кемшілігі деп сабырлық сақтамауын айтар едім. Ілияс Сүлейменов те, Самат Бәшенов те көңіл-күйге қатты беріліп, қызбалыққа салынып кетті. Сондай-ақ, Ілиястың аяқ алысын жақсы бағалай отырып, кемшілігін де айта кеткенім дұрыс шығар. Сүлейменов төрт раунд бойы ұпай жинадым, бесінші раундта қолды бос жіберуге болады деп ойлаған сыңайлы. Әуесқой бокста бұл тәсіл жемісін беретін шығар, алайда біздің жо-бада соңына шейін шайқасу керек, — деп жауап қатты «арландардың» жетекшісі.
Естеріңізде болса, Олжас Сәттібаевтың «Жас Алаш» газетіне берген сұхбатын сайтымызда жариялаған едік. Аталған әңгімеде Олжас өзінің «Астана Арландары» сапынан себепсіз кеткенін, денсаулығында ешқандай мін жоқ болғандықтан, команда дәрігерлерінің өзіне денсаулығы жарамсыз деген қағаз ұстатуын орынсыз деп деп айтқан еді. Бұл мәселеге де басшылықтың айтар уәжі бар екен.
— Олжас Сәттібаевтың қанынан жұқпалы инфекция табылды. Оның атын атап, түсін түстеуге менің құқым жоқ, медициналық құпия. Бір емес, үш рет тексердік. Мұны өзіне айттық, бапкері Нұрлан Ақүрпеков те біледі. «7-8 ай емделіп кел, содан соң қатарға қайтадан қосамыз» деп те айтқанмын. Сондықтан, Олжастың неліктен байбалам салып жүргенін түсінбедім. Бі-ріншіден, допинг тексерулер кезінде әлгі инфекция шығып қалса, командамыз үшін үлкен кемшілік. Екіншіден, «Астана Арландарында» өнер көрсететін қаншама боксшыға әлгі сырқат таралып кетсе, бұл да бізге абырой әпермейді. Сол себепті, Олжасты емделу үшін қайтарғанбыз. Алайда, ол басқаша әңгі-ме айтып жүр, — деп түйіндеді өз сөзін Болат мырза.
Бүгін «Астана Арландары» Мексиканың астанасы Мехикоға жол тартты. 7 ақпан күні біздің жігіттер жергілікті командамен жұдырықтасатын болады.
Алаш Арена.
Leave a Reply