tories/images.jpg» width=»230″ height=»160″ alt=»images» style=»float: right;» />
Жатаған у кекіре (Acroptilon repens L) көпжылдық, атпа тамырлы шөп, күрделі гүлдер тұқымдасына жатады. Қуатты тамыр жүйесі топырақта 10 м. тереңдікке жетеді. Жатаған у кекіренің ерекшеліктері, ол қордағы қоректік зат – инулинді тамырдың топырақтағы төменгі қабатына жинақтауы және қоректік заттарын топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде, жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізуі арқылы өсіп жер бетіне шығуы, фотосинтез құбылысы арқылы тамырлануы. Сондықтан көптеген агротехникалық әдістерге төзімді болады, қайтадан өсіп жетіледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің өсімдік қорғау және өсімдік карантині департаментінің мәліметі бойынша жатаған у кекіре республикада 3 млн. гектар жерге тараған. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2013 жылы 14190 гектар жерге у кекіре арам шөбіне қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, 2014 жылы мемлекет қарамағындағы 1639 гектар бос жатқан жерлерге залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Тұқымның іс жүзінде табиғи жағдайда таралуын тоқтату мүмкін емес. Сондықтан жатаған у кекіре бар ошақты уақытында тұқымы басқа жерлерге тарамай тұрғанда құрту керек. Бір өсімдікте жатаған у кекіренің тұқым беру түсімділігі 3 мың дәнге дейін жетеді, оның ішінде 50 пайызы өнгіштік қасиетін сақтайды. Толық піскен тұқым топырақта өңгіштік қасиетін 5 жылға дейін сақтайды және 25 градус жылылықта, ылғалдылық 20 пайыз болғанда топырақтың құрамына байланысты 2-5 см. тереңдіктен өсіп шығады.
Жатаған у кекірені тиянақты түрде құрту үшін зерттеу жұмыстарын, шөптердің таралу картасын жасау керек. Шөптерді жою жоспарына профилактика, агротехникалық-биологиялық және химиялық әдістер кіреді. Шөптермен тиімді күресу үшін, олардың негізгі биологиялық ерекшеліктерін білу керек. Күрес жатаған у кекіренің тамыр жүйесінің өмір сүргіш қабілетін біртіндеп жоюдан басталады. Тамырдан шығатын улы заттар көптеген екпе дақылдарға зиянды әсерін тигізеді, олардың өсу энергиясын төмендетеді.
Сонымен қатар, өнімінің төмендеуінен басқа, оның сапасы да төмендейді, ұнның дәмі ащы болады. Кекіренің қаптау себептері – карантин ережесінің сақталмауы, ең негізгісі – кекіремен күресу жүйесі агротехникамен гербицидтерді арамшөптің биологиялық ерекшеліктерімен байланысты Қазақстанның әртүрлі климат аймақтарында дұрыс біріктіре қолдану қажет. Агротехникалық әдістердің мақсаты тамырды ұсақ бөлшектерге бөліп, тамырдағы қоректік органикалық зат – инулиннің көбеюін азайту арқылы тамырдан қайтадан өсуіне жол бермеу. Кекіремен күресудің негізі топырақ өңдеу жүйесі болып табылады. Егістікті орып алғаннан кейін қыршуыш арқылы қопсыту (2 немесе 3 рет 10-12 см. тереңдікте) кекіре тамырын кесу арқылы ұсақ тамырлардың өсіп жер бетіне шығуына дейін қоректік заттарды пайдаланып үлгереді де, тамыр жер бетіне шықпай жойылады.
Кекіре жарықты қалайды, көлеңкеде өскенде тұқым бермейді, өсу нашарлайды, бірақ тамырдағы қоректік заттар, таралу бүршіктері арқылы, жарық болған жағдайда тіпті бірнеше жылдан кейін де жаңадан өскіндер өсіп шығып, таралып көбейе береді. Сонымен қатар кекіренің зияндылығы олардың дақылға аллепатиялық әсері, тамыр жүйесі мен кекіренің тұқымы бөліп шығарған зиянды заттары бидай, арпа, бұршақ тұқымдарының өсу энергиясын төмендетіп, дақылдың өсіп жетілуін бәсеңдетеді.
Кекіре көптеген жануарларға зиянды, әсіресе жылқы малына, ал қой мен ешкіге зиянсыз, көпшілік жағдайда шөппен араласқан кекіре малдардың улануына әсер етеді, кекіренің бидаймен араласқан тұқымдарынан алынған ұнда ащы дәм болады, нан пісіруге қолдануға болмайды.
Қазіргі кезде кекірені жою және оны карантиннен шығару үшін мына шараларды іске асыру керек. Олар: карантин ережесін сақтау; кекіремен күресу үшін аймақтық интеграция-лық жүйе жасау және ұсыныстар беру.
О. ТОЛЕМАНОВ,
ҚР АШМ АӨК МИК Шымкент қалалық
аумақтық инспекциясының бас-маман
өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы.
Leave a Reply