Көтерме сату бизнесі

       Сауда саласында қиын уақыт басталды. Девальвация. Ба-ғаны ауыздықтап тұру үшін түрлі шаралар қарастырылуда. Бұрынғыға қарағанда бақылау күшейді. Шыны керек, табыс күрт төмендеп, шығыс пен кірістің айырмашылығы артты, жалға алу бағасы өсіп барады. Көптеген кәсіпкерлер өздерінің бизнестерін жаппаса да, енді не болар екен деген сауалдың шырмауында жүр. Ал, егер жабылып қалсаңыз… Бұл ретте проблемалардың бірі тауарларды өткізу болып табылады. Бұндай жағдайда тауар қалдықтарымен не істеу керек? Шешімі – жаппай саудаға маманданған бизнес, ол сізге табыс табуға мүмкіндік береді, сонымен қатар кәсіпкерлерге көмек көрсете алады.Оның үстіне енді ары кетсе бір-екі айда барлық тауарлар қымбаттай бастайды, мұны да есепке алу керек.
       Ол үшін не керек?tories/Ceagesp.jpg» width=»250″ height=»188″ alt=»Ceagesp» style=»float: right;» />
       Ғимарат. Сауданы ұйымдастыру үшін ғимаратты жалға аласыз. Үлкен болуы міндетті емес, 40-50 м² жеткілікті, тыныш аудандарда болса жарайды. Ең бастысы адамдар көп өтетін жерде орналасуы керек.
       Жабдықтары. Ұсталған жабдықтарды арзан бағамен алған жөн, қазіргі кезде сұраныс жоғары болмағандықтан жабдықтарды ыңғайлы бағаға табу оңай.
       Содан кейін тауарларды алуға мүдделі дүкендермен келісім-шарт жасасу керек, оны ұзақ мерзімге немесе толық жаппай сатқанша жасауға болады.
       Тауарды төмен бағамен қабылдап аласыз. Келісім-шартта тауар үшін төлем оның сатылымына қарай деп көрсетілгені дұрыс. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін барлық тауар үшін төлемді бірден жасауға келісуге болмайды, себебі сізде ешкімге де қажет болмай қалатын тауарлар қалып қалуы әбден мүмкін. Өзіңізді сәтсіздіктен сақтандыру үшін, келісім-шартқа екі тараптың бірінің тілегіне байланысты тауарларды иесіне қайтарып беру жөніндегі пунктті енгізген жөн.
       Тауарларды көтерме сату немесе көтерме сату дүкені идеясында бастысы – қабылдап алу барысында тауарларды дұрыс бағалау және оларды әрі қарай сату бағасын дұрыс белгілеу. Тауарлардың бағасы төмен болған сайын клиенттеріңіз де көп бола бастайды, өйткені адамдар көтерме сату дүкендерінен үлкен қызығушылықпен сауда жасайды.
       Технология. Пайда екі табыс көзінен түседі – субарендадан және өткізуге берілген тауарлардың үстеме бағасынан. Орындарды субаренда шарты бойынша дүкендерге жалға беруге болады, олардың тауарларын коллекцияны толық өткізгенге дейін алуға болады.
Қызметке деген сұраныс қарапайым жұртшылықта да, сауда саласымен айналысатын кәсіпкерлерде де болады. Әр дүкен белгілі бір уақыттарда «көтерме сату» акциясын өздері өткізіп тұрады. Бірақ клиенттер бұл туралы үнемі хабардар бола бермейді. Ал мында бір жерден барлығын ең бастысы төмен бағаға кез келген уақытты сатып алуға болады. Егер сізде тұрақты түрде бірінен соң бірі жаңа дүкендер болатын болса, бұл көптеген сатып алушыларды тартады. Клиенттер әрбір жаңа ұсыныстарды бақылап жүреді, ал дүкендер қажет емес тауарлардан тез құтылады.
       Кез келген сауда нүктесінің табысты қызмет етуі үшін жылдам тауар айналымы қажет, яғни тауарлар бұдан да көп табыс әкелетін басқа тауарлардың келуі үшін сөрелер мен ілгіштерді тезірек босатуы керек. Егер қандай да бір себеппен тауарлар сөрелерде жатып қалатын болса, дүкен шығынға ұшырай бастайды. Жаңа коллекция келіп қалды, ал оны қоятын жер жоқ. Сондықтан да мұндай жаппай сату базалары әрбір сауда кәсіпорындарына өте қажет. Тауар заңдылығын білмеген шығынға ұшырайды.
       Сату. Кез келген бизнестің табыстылығы үшін сауатты маркетинг қажет. Бастапқы кезеңде жарнаманың мәні үлкен. Жарнаманы БАҚ‑қа беру, адам көп жүретін жерлерде тарату, түрлі орындарға жапсыру сізге клиенттер тартуға көмектеседі. Клиенттерді тарту үшін жарнама екі бағытта болуы керек: тауарларды қабылдау және оны көтерме сату жөнінде.
Тауарларды көтерме сату дүкенінің және тауарларды қабылдау бөлімінің ашылғаны туралы жарнама беру қажет. Базарларда, сауда орталықтарында, сіздің әлеуетті клиенттеріңіз көп жерлерде жарнамалар жапсыру керек.
       Болжамды есептеулер
       Шығыстар:
— жабдықтар сатып алу, шығыстар орта есеппен 35 000-40 000 теңгені құрайды.
— ғимаратты жалға алу – 40 м² х 1200 теңге = 48 000 теңге.
— жарнамаға кететін шығыстар, орта есеппен 8 000-15 000 теңге.
Барлығы: 98 000 теңге.
       Табыс:
       Жаппай сату бизнесін кепілді түрде табысты деп есептей беруге болады. Мәселен, тауарларды орналастыруға арналған сауда стеллаждарын метраж бойынша жалға беру, сонымен қатар сатқаны үшін комиссия алу – орта есеппен 5 м² 10 000 теңгеден және одан да жоғары, бұның өзі сіздің клиенттеріңіз үшін ғимаратты жалға алу мен қызметкерлер жалдауында ақша үнемдеуге жағдай жасайды, ал сізге жақсы пайда табуға көмектеседі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика