tories/0.jpg» width=»250″ height=»188″ alt=»0″ style=»float: left;» />
— «СК-Фармация» дәрі дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету проблемасын шеше алмай отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында депутат Дариға Назарбаева осылай мәлімдеді. Жиында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының орындалу барысы талқыланған болатын.
«Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында бірыңғай дистрибьютер жүйесін енгізу әлі күнге шешімін тапқан жоқ, оның үстіне «СК Фармация» біздің емханаларымызды үздіксіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін шеше алмайды. Бұдан бөлек, «СК Фармация» қазақстандық препататтарды сатып алуды үш млрд. теңгеге азайтты және отандық өндірушілердің басын сот процестерімен қатырып жүр. Үкімет жылына төрт мәрте дәрі-дәрмек сатып алу ережелерін өзгертеді. Бұл да сыбайлас жемқорлық пен қазына қаржысына қол салуға жол ашып отыр», — дейді депутат Д. Назарбаева.
Оның айтуынша, емдеу мекемелерінің өзінде науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне салақтық, немқұрайлылық етек алып барады. Бірқатар ауруханаларда тіпті қолдану мерзімі өтіп кеткен, қомақты қаражатты құрайтын дәрілерді пайдалану деректері де мәлім болған. Кәмелет жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайтын дәрі-дәрмектерді тағайындау, дәрілерді артығымен өткізу, оларды бағасын арзан дәрілермен алмастыру фактілері де орын алған. «Ел өңірлеріндегі көптеген тұрғындар тегін дәрі-дәрмекті алу үшін 100 және одан да көп шақырым жол жүруге мәжбүр. Сондықтан да, бұл мәселе аса өзекті болып табылады», — деді Д. Назарбаева.
Leave a Reply