Шымкент қаласындағы №6 орта мектептің оқушылары бұл күні алтын ұяларына ерекше дайындықпен келді. Ардагерлерге құрмет көрсетпекші. Ауған ардагерлеріне. Кештің шымылдығы Қазақстан Республикасың әнұранымен түрілді.
Биыл Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына тұп-тура 25 жыл толып отыр. 10 жылға созылған соғыстан аман оралған ардагерлер Делев Николай Иванович пен Мирхакимов Миртура Артукбаевич төрден орын алды бұл күні. Олар бастан кешірген сұрапыл күндердің бір үзігі мектеп оқушылары сахналаған»Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» атты көріністе тізіліп өте шықты. Одан әрі Ауған соғысы туралы деректі фильм көрсетілді.
Ардагерлердің айтары, оқушылардың сауалы көп екен. Екі ұрпақ арасындағы мағыналы әңгіме ұзаққа созылды. Іс-шараның соңында кештің ұйымдастырушылары ОБКЖ-ның №3 кітапхана бөлімшесінің қызметкерлері кешке қатысушыларды және ардагерлерді «Ауған ақиқаты» деп аталатын кітап көрмесімен таныстырды.
ОБКЖ-ның №3 кітапхана бөлімшесінің жоғарғы санаттағы кітапханашысы
Артықова. Н. М.
Leave a Reply