tories/0344203001368023918.jpg» width=»300″ height=»200″ alt=»0344203001368023918″ style=»float: right;» />
«Сочидағы соңғы жаңалықтардың бірі – мамандар спортшылардың күніне қанша және қандай тамақ ішіп жүргендеріне барлау жасап көріпті» деп жазады tonnadan-astam-et-jeyd-1139/»>Tengrinews.kz тілшісі.
Әр елден келген 190 мыңнан астам спортшы мен Олимпиаданы тамашалауға келген қонақтардың көңілінен шығу қиын әрине. Оның үстіне жарыстың алғашқы күндері Олимпиадағы қатысты түрлі жағымсыз ақпараттар тарап кетіп, Ресейдің абыройына азды-көпті нұқсан келгені бар.
Ресейлік «Независимая газета» басылымының тілшісі Игорь Наумов «тамақтандыру мәселесі оңай шаруа емес. Жалпы, тамақтандыру жағы жарыстар басталмай тұрып-ақ қатаң бақылауға алынған болатын. Сегізге жуық тамақтандыру нүктелерін азық-түлікпен қамтамасыз ету жағы орталықтандырылған. Бұл іске барлығы 8 мыңнан астам адам жұмылдырылды», — деп жазады.
Hazards Analysis and Critical Control Points (НАССР) жүйесі бойынша сатылып жатқан тағамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде құзырлы орындар жіті бақылауды тәулігіне 24 сағат жүргізіп отырған көрінеді.
Бұл Халықаралық Олимпиада Комитетінің қатаң талаптарының бірі. Әзірге аталмыш комитет тамақтандыру сапасына риза деседі. Тіпті ұйымдастырушыларға алғыс та айтқан сияқты.
Мамандардың айтуларына қарағанда, Олимпиадаға қатысушылар мен қонақтардың тәбеттері өте жақсы. «88 ұлттық құрама күніне алты тоннадан астам ет жейді», — дейді олар. Олар негізінен қақтап пісірілген етті көбірек тұтынатын көрінеді. Сонымен қатар, паста, пицца сияқты Италия тағамдарына сұраныс артып тұр. Қақталған тауық, буға піскен балық та жақсы сатылады екен.
Фастфуд әдеттегідей, өтімі жақсы тауарлардың бірі. Бұл тұрғыда, McDonald’s-тің өнімдерін айтсақ болады. Америкалық атлеттер сүйіп жейтін тағам – осы. Айтпақшы, 1968 жылы өткізілген Олимпиада ойындары кезінде гамбургерді тіпті француздар ұшақпен алдырыпты.
Жалпы, ұйымдастырушылар сөз болып отырған тамақтану мәселесіне айрықша мән берген-ақ екен. Орын да, тамақ та жеткілікті. Мәселен, таулы ауылда орналасқан 700 орындық асхана тәулігіне 9 мың рациондық тамақ сатуда.
Тағы бір айта кетерлігі, адамдардың талғамына қарай, тағамдар әр түрлі, яғни халал, вегетариандық, қысқасы, дінге байланысты да қарастырылған.
«Сочи-2014» ұйымдастырушы комитетінің болжамына қарағанда, Олимпиада кезінде 7,5 мың тонна азық-түлік тұтынылады.
Leave a Reply