СПОРТ — САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ, МЫҚТЫ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!

Спорт  және өрт сөндіру қызметі, бұл егіз ұғым. Физикалық тұрғыдан мықты жан ғана бұл салада қызмет ете алады.  Ал, №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі осы  мықтылықтарын қараулдар арасында спорттың волейбол, арқан тартыс және үстел тенис түрлерінен жарыс өткізіп,  тағы да дәлелдеді.

Тартысты жарысқа қатысушылардың  барлығы   жеңіске деген жігерлігін танытты. Алайда, тек ең мықтылары ғана алдыңғы шепте көрініп, жеңімпаз атанды. Волейболдан  бірінші  орынды  4-ші  қарауыл, екінші  орынды 2-ші қарауыл, үшінші орынды-3-ші  қарауыл иеленді. Ал, арқан тартыстан:  1-екінші қарауыл, 2-үшінші қарауыл, 3-бірінші қарауыл алды. Үстел тенисінен 1-бөлімнің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Ербол Нургалиев, 2-аға өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау сержанты Түзел Батырбек, 3-Асхат  Дилмишев иеленді.

Жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталып, оларға кубок табысталды. Мұндай жарыстар командалық рухты дамытуға, салауатты өмір салтын ұстануға, ұжымда ауызбіршілікті нығайтуға үлкен септігін тигізері анық.

С. Ташимбаев

Шымкент қаласындағы №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика