Шымкенттік ғалым Нұрлыбай Манабаевтың ойлап тапқан техникасы — Умно-4/1 тіркемесі. Ол әмбебап көпфункционалды аспалы құрылғы. Аталған тіркеменің әзірге 3 данасы Z (Зет)» жауапкершлгі шекметулі серіктестігінің зауытында жасалып шығарылды.
Шымкенттік ғалымның техникасы ауыл шаруашылығына саласында таптырмас техника. «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу» бағдарламасы аясында іске асырылған озық инновациялық жоба. Аталған жоба М.Әуезов университет тарапынан ұсынылған. Жоба жетекшісі шымкенттік техика ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбай Манабаев. Тіркеменің Қазақстан және жақын алыс шет мемлекеттерде аналогы жоқ
Бұл тіркеме шаруаларға өте тиімді. Себебі, Умно-4/1 тіркемесімен 4 қызметті атқаруға болады. Атап айтқанда шаруалар жер тегістеу, арық алу және қопсыту жұмыстарын бір техниканың көмегімен жүзеге асыра алады. Одан бөлек атмосфераға шығарылған газдардың шығуы 2-3 есе азаяды. Агрегаттың өнімділігі 50% — ға дейін артады. Сондай-ақ, егістікті сапалы дайындау есебінен өнімділік 10-15%-ға артады. Сонымен қатар, тіркемені басқа пішінге қайта өзгерту тек 10-15 минутты алады.
Айта өтейік, Шымкенттік ғалымдар ауыл шаруашылығы саласында ақылды технологиялар дайындап жүр. Техника ғылымдарының кандидаты, «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Бердияр Қалымбетов «Ақылды ауыл шаруашылығы» концепциясын дайындап жатыр, жыл соңына қарай қала басшысының назарына ұсынатын болады. Жоба аясында қала маңында «Ақылды ауыл шаруашылығы» деп аталатын мекеме құру ұсынылып отыр. Оған М.Әуезов университеттің ғалымдары жасап шығарған ең жаңа технологиялар мен цифрлы машиналардың барлық мүмкіндіктерін біріктіруі тиіс. Оның құрамында «Ақылды дала», «Ақылды ферма», «Ақылды жылыжай» және «Ақылды бау» деген бөлімшелер болады. «Бұның әрбірі жеке-жеке жоба. Біз барлық 5 бағыт бойынша жұмыс істегіміз келеді. Жыл соңында осы концепцияны Сізге ұсынамыз»-деп уәде еткен еді.
Одан бөлек, жергілікті ғалымдар қанттың орнын басатын өсімдік өсіруде. «Бал шөбі» деген атқа ие болған стевия өсімдігінің жапырақтарынан өндірілген табиғи өнім қолданыстағы қанттан 15 есе тәтті. Мұны қантпен алмастырумен бірге фармацевтикалық бағытта қолдануға болады. Бұл өз кезегінде одан алынатын дәрі-дәрмек өнімдерінің қарапайым азаматтар үшін қолжетімді болуына сеп болмақ.Стевия жылу сүйгіш өсімдік болғандықтан Қазақстанның климатына төзімсіз әрі өнуге бейімсіз келеді. Осыған байланысты жоба авторлары оны М.Әуезов атындағы ОҚУ жылыжайында көбейтуді қолға алуда. Заманауи құралдармен жабдықталған кешеннің топырағы өңделіп, қосымша минералды тыңайтқыштармен байытылған.
Leave a Reply