КӨКБҰЛАҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛДЫ

Республика күні қарсаңында Шымкент қаласының “Абай” ауданына қарасты “Көкбұлақ” елді мекені табиғи газға қосылды.
Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов “Көкбұлаққа” арнайы барып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
“Бүгін 1 балабақша мен құжаты дайын үйлерге газ қостық. Енді көмір тасып әуреленбей, барлығыңыз дерлік көгілдір отынды кіргізіп алыңыздар”,-деді әкім. Бұл сөзді құптаған халық жылдамдатып әрекетке көшетіндерін жеткізіп, қыс басталмай газбен қамтылғандарына алғыс білдірді.
Елді мекенді табиғи газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары былтыр басталған. Жалпы ұзындығы 1 6,1 шақырымды құрайтын газ құбыры тартылып, бекітілген жоспар мерзімінде іске асып, 100%-ға орындалды.
Қазіргі уақытта магистралды газ құбырына газ беріліп, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы тарапынан абоненттеу жұмыстары басталды. Құжаттары дайын үйлерге рет-ретімен көгілдір отын кіргізілмек.
Қазіргі таңда мегаполис тұрғындарының 93% табиғи газбен қамтылған.
Жыл соңына дейін, “Тұран”, “Ақтас-1”, “Ақтас-2”, “Нұртас”, “Батыс”, “Сәуле-276” орам, “Ақжар”, “Арғымақ” елді мекендеріне табиғи газ тартылып, көрсеткіш 94,7%-ға жетеді. Осының нәтижесінде 34 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынмен қамтылатын болады.
2025 жылы мегаполис тұрғындарының 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылуы жоспарлануда.Яғни, табиғи газбен шаһардағы 81 елді мекеннің 42-сі толық, ал 31 елді мекен жартылай қамтылған. 2021 жылы табиғи газбен қамту көрсеткіші 93,0 пайызға жетті.Қалған қамтылмаған елдімекендерге газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 1 магистралдық және 10 елді мекенде ішкі орамдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде.
Жыл соңында Тұран магистралды газ құбырының құрылысы мен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Сауле, Көкбұлақ, барлығы 8 елді мекенде құрылыс жұмыстар аяқталады. Нәтижесінде қаладағы 20 мыңға жуық адам табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді. Ал, 2025 жылы мегаполис тұрғындарының 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылуы жоспарлануда. Шымкент қаласын газбен қамту көрсеткішін 2022 жылы 94,7 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр.

«2023-2025 жылдары аралығында қаланың даму жоспарына сәйкес, жартылай қамтылған 17 елді мекенде және мүлдем қамтылмаған 3 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылысы салынып, қала тұрғындары, басқада нысандар 100% табиғи газбен қамтылады», — деді басқарма өкілдері.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика