ШЫМКЕНТТЕГІ ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛҒАН

Агломерациясы күн санап өсіп келе жатқан мегаполисіміздің көшелерінде көлік кептелісі көптеп кезедеседі. Оны азайту бағытында айналма жолдарды дамыту жұмыстарының маңыздылығы да арта түсуде.
Бұл бағыттағы жобалардан “Ленгір” тас жолынан бастау алып, “А-2 Шымкент-Ташкент” автожолына дейінгі аралықты қамтиды. 2021-ші жылы басталған нысанның жалпы ұзындығы – 16 шақырымды құрайды.
Қазіргі таңда “Шымкент-Ташкент” жолында қиылысатын бөлікте көпір құрылысы және жол жабыны жұмыстары жүргізілуде. Қазір жолдың 5 бөлігінде жолдың негізін дайындау жұмыстары, 4,2 шақырымына асфальт жабындысының 1-қабатын төсеу жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар жолайырық аумағында, байланыс, электр қуаты, табиғи газ, сыртқы сумен қамту жүйелері орындарын ауыстыру жұмыстары қатар жүргізілуде. 2023 жылы жоба жұмыстары толығымен аяқталады.
Үшінші мегаполисте қала шаруашылығын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық жоспары бекітілген. Соған сәйкес, жыл сайын 200 шақырымнан астам жол жөнделуі тиіс. Жауапты мамандардың мәліметінше, биыл қала орталығындағы үлкен көшелер мен шалғай аудандардағы жолдарды қосқанда 187 нысан жұмыс жоспарына енгізілген. Тиісті жұмыс нәтижесінде ұзын-саны 350 шақырымнан астам жол қалпына келтіріледі.
А-2 автомобиль жолының 2-кезеңінде қаралған жолайырық құрылысының жартысы орындалса, Самал-1, 2 және 3 шағынаудандарында 12,2 шақырым жол салынып, ел игілігіне берілді. Бүгінде жұмыстың 95 пайызы жүзеге асқан. Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелесінің қиылысындағы жолайрық жұмысының да 90 пайызы аяқталып, қиылыстағы жолаушылар өткелін салу жұмыстарының да біткелі тұр.
Қазіргі таңда жол құрылысы жұмыстарына барлығы 38 мердігер мекеме жұмылдырылған. Ал 61 көшедегі тиісті жұмысты жүргізетін мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Жол салушы мердігер компанияға жүктелетін жауапкершіліктің жүгі де ауыр. Құрылыс барысын қала әкімінің өзі жіті қадағалауға алады. Араға апта салып тексеретінін тағы қосыңыз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика