Қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар оқу ордаларының құрылыс жұмысын тексерді. Солардың бірі — былтыр құрылысы басталған «Нұрсәт» шағынуданындағы оқушылар сарайы.Ғимарат 3 қабатты, 3 блоктан тұрады. Бұдан бөлек 81 көлікке арналған көлік тұрағы және 35 адамдық асханасы болады.
Жобаны салудағы мақсат — оқушыларды сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде сабақ өткізуге және педагогтардың, ата-аналар мен балалардың тәрбие саласындағы өзара іс-қимылына жағдай жасау, балалар тұлғасының шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамыту. 7-18 жас аралығындағы 500 оқушыға шақталған нысаның 42%-ы дайын.
Нысанның құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған. Шаһар басшысы “Білімді ұрпақ – іргелі елдің кепілі”, сондықтан оқушыларымыздың жеке жобаларымен, шығармашылықпен және спортпен айналысатын өз ордасы болуы керек”-дей келе, жауапты мамандарға нысанды жоспарға сай уақытында аяқтауды тапсырды. Мердігер мекеменің басшысымен де, жұмысшыларымен де кездесіп, сапасына мән беруді тапсырды. Өйткені: «балаларға арналып салынған нысан қателікті көремейді, ол жерде болашақ ұрпақ тәрбиеленеді»- деп қадап айтты.
«Бұл жоба оқушыларды сабақтан тыс уақытта әртүрлі үйірмелерге қатыстыруды, баланың спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамытуды көздейді. Үш қабатты ғимарат 3 ірі блоктан тұрады. Онда оқу залдары, акт залы, 35 адамдық асхана бар. Сонымен қатар, 81 орындық көлік тұрағы да қарастырылған», — деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Халықаралық талаптарға сай әлеуметтік нысан 1 млн-нан астам халқы бар Шымкентке аса қажет дейді жауапты мамандар. Оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді өткізуге арналған 3 қабатты ғимаратта екі бассейін, күрес залы, жекпе-жек залы, үстел ойындары, интерактвиті кітапхана, 3 Д модельдеу және жалпы балалардың ой өрісін дамытуға арналған түрлі үйірмелер қарастырылған. Жобаның құны 8,3 миллард теңгені құрайды.
Оқушылар сарайындағы бес блок: спорттық сауықтыру, көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және музыкалық білім блоктары замануи жабдықтармен жабдықталады. Бұл балаларды жастайынан қандай мамандыққа бейімді екені ескеріліп, болашақ мамандықтарын таңдауға мүмкіндік береді. Құрылыс компаниясы әкімшілік іскерлік орталығындағы Оқушылар сарайын пайдалануға келер жылы тапсыруды жоспарлауда.
Болашақта «Тұран» шағынауданында 300 балаға шақталған Оқушылар сарайын салу да жоспарда тұр. Қазіргі таңда әлеуметтік нысанның жобалық сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Leave a Reply