ЖАУЫН-ШАШЫННЫҢ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкентте толассыз жауған жауын-шашынның салдарын жою жұмыстары қарқынды жүргізілді. Қалалық біріңғай кезекшілік диспетчерлік орталығына қала тұрғындарынан 7 мекенжай бойынша 70 хабарлама келіп түскен.Шақыртуларға дер кезінде мамандар жіберілген.
Қала аумағында жаңбырдың салдарынан жиналған суды шығару жұмыстары Абай және Әл-Фараби аудандарында жүргізілді.
Сағат 00.45 тен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, ертесіне а 200 текше метр су шығарылды.  Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 23 адам, 7 техника, 7 мотопомпа жұмылдырылды.
Жалпы су басу салдарын жоюға ТЖ департаментінің 167 адам, 17 техника, 4 қайық, 39 мотопомпа дайындыққа келтірілген.
Қазгдрометтің мәлімдесі бойынша,  26- қазанға қараңан түні  қатты жауын-шашын және жел туралы дауылды ескерту жарияланған. Айтқандай-ақ, 25-26 қазан күндері толассыз жаңбыр жауды. Соның салдарынан қаланың кейбір жерлерінде жауын-шашын суы жиналып қалды. Осыған орай арнайы кезекші бригадалар құрылып, жиналған су дер кезінде арнайы техникалармен сорылып, тазаланып жатыр.
Кезекші бригадалар төрт аудан бойынша жедел жұмыс істеп жатыр. Абай ауданы бойынша 15 техника 30-дан астам жұмысшы жұмылдырылған. Әл Фараби ауданында жаңбыр суын сору жұмыстарын 8 техника 30-дан астам адам үйлестірді. Осындай жұмыстарға Еңбекші ауданында 40 техника мен 230-ға жуық жұмысшы атсалысса, Қаратау ауданында 15 техника, 4 мотопомпа және 50-ке жуық жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылды.
Күзгі ауа-райының күрт өзгеріп, жауын-шашынды болуына байланысты Шымкентте қауіпсіздік шаралары жіті бақылауға алынуда. Ал 25-26 қазан күндері жауын-шашын салдарынан Абай ауданнның бірқатар аумақтарында су басу оқиғалары тіркелді.
Нақтырақ айтар болсақ, 7 елді мекенде, 11 көшеде және «Қарасу» өзені арнасының суға толу жағдайлары орын алды.
Су сорғыштардың күйіп кетуіне байланысты Бекжан, Колостағы көпірлердің асты суға толды. Орын алған келеңсіздіктер дер кезінде жойылды.
Бұл жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС арнайы 15 техника су тартатын және 30-ға жуық жұмысшы қызметкерлер және Төтенше жағдайлар департаментінің 2 су тартатын мотопомпа жұмылдырылды.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су басу қауіпі жоқ. Аудан әкімдігі тарапынан су шаю орындары мен қауіпті аумақтарда арнайы кезекші бригадалар ұйымдастырылып, жағдай тұрақты бақылауда.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика