Түйме де өндірмейміз деп сынаушы едік…

Енді өндіріс өзімізде бар. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «KAZPLAST» компаниясы 2006 жылдан бастап тігін фурнитурасын, соның ішінде, түйме, фиксатор және карабин өнімдерін шығара бастады

Естеріңізде болса, егемендігімізді алған алғашқы жылдарда  еліміз тым болмаса, ине де, түйме де өндірмейді деп баспасөздер сынап жатушы еді. Бәрін шеттен тасығанша, неге өзімізде өндірмеске деген  жанайқайларды да түсінуге болады. Бар болса, өзімізде болса деген жақсы ниет-тағы. Алайда ол кезде экономикалық мүмкіндіктердің шектеулі болғандығын айтпағанның өзінде, кәсіпкерлік психологиясы әлі қалыптасып үлгермеген еді. Мұны да ескеру керек.

tories/7.jpeg» width=»300″ height=»225″ alt=»7″ style=»margin-left: 20px; float: right;» />

Бүгінгі уақыт басқа. Сан тарау жолдар мен қиындықтардан, түрлі кедергілерден өткен азаматтарымыздың бойында кәсіпкерлік қабілет қалыптасып үлгерді. «Сабақты ине сәтімен». Алуан түрлі қайшылықтарды бастан өткізіп өмірлік тәжірибе жинақтаған  кәсіп иелерінің қатары күн сайын көбеюде. Сынға іліккен түйме өндірісі де өзімізде дами бастады. Оңтүстік қазақстан облысында «KAZPLAST» компаниясы 2006 жылдан бастап тігін фурнитурасын, соның ішінде, түйме, фиксатор және карабин өнімдері өндірісімен және шығарған өнімдерін сату қызметімен айналысады. Аталмыш кәсіпорынға «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында банктік несиені қамтамасыз етуде «Даму» Қорының  кепілдемесі берілді.

 – Біздің компания 9 жылға жуық уақыт аралығында әр түрлі пішіндегі түймелерді арнайы тапсырыс бойынша өндіріп, сатып келе жатыр. Бастапқыда біз тек арнайы, әскери, жұмыс және қорғаныстық киімдерге түймелер жасайтынбыз. Себебі, түйме өндірісінің ескі әдіс бойынша іске асырылуы еді. Ал әр түрлі пішіндегі және көлемдегі түймелерге басқа арнайы пресс-пішін керек болды. Мысалы, 15Ø диаметрлі түймеге, арнайы пресс-пішін, ал 17Ø диаметрлі түймеге сәйкесінше пресс-пішін қажет. Әрине, арнайы пресс-пішінге тапсырыс беру және дайындау, бұл компания үшін тағы да қосымша шығын және бұл белгілі бір уақытты қажет етті.  Аталған өндіру әдісі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, көрші Өзбекстан және т.с.с елдерде пайдаланылады,  – дейді компанияның құрастырушы, әрі директоры Дана Жұмабаева.

tories/3.jpeg» width=»300″ height=»225″ alt=»3″ style=»margin-left: 20px; float: right;» />

Компания алдында екі таңдау тұрды: біріншісі, еш нәрсені өзгертпей, бұрынғы әдіспенен жұмыс істеу, бірақ клиенттерден айырылу; екіншісі компанияның өрісін кеңейту үшін түйме өндірісінде жаңа инновациялық технологияны пайдаланып, клиенттер санын ұлғайтып, халықаралық нарықта бәсекелестікке қабілетті болу. Әрине, соңғы таңдау қабылданды. Өйткені, тәжірибе де, мамандар да жеткілікті еді.

Бизнесті ұлғайту және клиенттік базаны кеңейту үшін Батыс елдерінде бұрыннан қолданыс тапқан, тігін фурнитура өндірісінде инновациялық тәсілдегі қымбат итальяндық түйме өндіру құрал-жабдығын алу жөнінде шешім қабылданды. Бірақ  кәсіпорын басшылығы алдында заманауи құрал-жабдыққа қол  жеткізу үшін қаражатты қайдан алу керек деген сауал туындады. Ақырында  бұл мәселе  «Даму» Қорында шешімін тапты. «Даму» Қоры  жоба құнының 44,3% көлеміндегі өз кепілдемесін беру арқылы құрал-жабдықты алуға 45,175 млн. теңге банктік несие алуға көмектесті.

Енді жаңадан алынған құрал-жабдық компания үшін жейделерге, көйлектерге, тондарға  және арнайы киімдерге жаңа түйме түрлерін өндіруге мол мүмкіндік берді.

«KAZPLAST» компаниясының ұраны «Қол жетімді өнім- жоғары сапа». Ал, қызметкерлері: қонструкторлар, технологтар  жоғарғы дәрежелі мамандар, өз ісінің білгірлері.Олар өз істеріне креативті және шығармашылық тұрғыдан қарайды.

tories/4.jpeg» width=»300″ height=»225″ alt=»4″ style=»margin-left: 10px; float: right;» />

«Жұмыртқаларды бір қоржынға салма» деген мақалды ұстанатын, ерекше кәсіптің иесі, екі баланың анасы Дана Жұмабаева бүгінде  басқа да салаларда жұмыс атқаруда. Компания түйме өндірісіменен қоса, пэт-преформдар, ал 2014 жылдан бастап «Даму» Қорының қолдауымен арнайы киімдер өндірісін іске қосуды қолға алды.

– Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттің саясатымен және «Даму» Қорының қолдауымен біздің компания өрлеу үстінде, аз ғана уақыт ішінде қажетті ақшаны иемденіп, бизнесімізді дамытуға керек құрал-жабдықты алдық. Казіргі уақыт өз жеке бизнесіңді ашуға және ұлғайтуға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау және «Даму» Қоры арқылы өз бизнес ойыңды іске асыруға өте қолайлы,  – дейді компания басшысы.

Істің тетігін тапқан Дана ханым шындап кіріссе, алынбайтын қамал жоқ екенін өмірлік тәжірибесінде дәлелдеген жан. Олда өркендеген кәсібін шағын тірліктен бастады. Бірден үлкен шаруаға ұмтылған жоқ. Кәсіптің қыр-сырын меңгеруге, сұранысты қанағаттандыруға да еңбек пен сабыр керек екене көз жеткізді.Клиенттерінің сеніміне ие болды. Енді айналасына елімізде  кәсіп үйренемін, игеремін деген адамға мүмкіндік мол екенін насихаттап, ісімен көрсетіп жүр. 

                                                                                                                                                                   Дидар Бегалиев.

                                                                                                              


     
     

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика