Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің саны — 2 236. Басқару нысанын тіркеуге жататын тұрғын үйлер — 1 823, қала бойынша мүліктің меншік иелері бірлестіктері (МИБ) — 124, жай серіктестік (ЖС) — 1 699, басқару нысанын жалпы тіркелген — 1 82. Қала бойынша тіркелген басқару объектілері 100%-ды құрайды.
Бұл маңызды ақпармен ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы таныстырды. Басқарма тарапынан 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы брифингте баяндады.
Спикердің мәлімдеуінше, тұрғын үй коммуналдық саласының қызметін оңтайландыру және тұрғын үй қорын сақтау мақсатында Шымкент қаласы бойынша бекітілген Заң талаптарына сәйкес, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 27,3 теңге болып бекітілген.
Қазіргі қолданыстағы ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері, тұтыну кооперативтері үшін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін өз қолданысын сақтайды.
Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылым даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Республикалық «Е-Шаңырақ» ақпараттық жүйесіне көппәтерлі тұрғын үйлердің техникалық паспорттарының деректерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Нұрдәулет Құрбанбекұлы, брифинг барысында қаладағы лифт мәселесіне де тоқталды.
– Қаладағы жалпы лифтілер саны — 685. Оның ішінде: тұрғын үйлерде орнатылған лифтілер — 561, денсаулық сақтау мекемелерінде — 51, білім беру басқармасына қарасты мектептерде — 23, қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында және қонақ үйлерде — 50.
Айта кетейік, ҚР «Азаматтық қорғау» Заңының талаптарын орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан сексен сегіз лифтіге комиссиялық сынақтар өткізіліп, он тоғыз лифт тіркеуге қойылды. Қазіргі уақытта жүк көтергіш құралдырын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет реестріне енгізіліп электронды түрде «Egov.kz» порталына қосылған. Осы құралдарды пайдаланудағы қызмет көрсетуші мекемелермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік шараларының алдын алу мақсатында және лифтілерге қызмет көрсетуші мекемелердің қызметінің жауапкершілігін арттыру үшін « iKomek 109» бірыңғай байланыс орталығымен интегерацияланған.
Leave a Reply