АНА ТІЛІМІЗДІ МӘҢГІЛІК ТІЛГЕ АЙНАЛДЫРУ ТУРАЛЫ ОЙЛАНЫП КӨРДІҢІЗ БЕ?

Ана тілімізді мәңгілік тілге айналдыру туралы ойланып көрдіңіз бе?

«Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар!

«Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады». Елбасы осылай деді. Мәңгілік ел болудың ұлттық жоспарын жария етті, 100 қадамды айқындады. Ал, тілдің мәңгілік болуы халық, атқарушы билік жалпы баршамызға қатысты. Баршамыздың жауапкершілігіміздегі үлкен міндет. Қазақ тілінде сөйлесек, құжаттарды қазақ тілінде толтырсақ және мекемелер соның ішінде мемлекеттік мекемелерден құжаттардың мемлекеттік тілде берілуін талап етсек, бірталай жұмыс істеген боламыз. Бұл біздің құқымыз. Өйткені «Тіл туралы» арнайы заңы бар мемлекетпіз. Осы орайда жалпы тіл дегеніміз не, оның құны мен маңызы қандай дегенге жауап іздеп көрсек:

slide5tories/slide5.jpg» />

«Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек». Сұлтанмахмұт Торайғыров осылай деп толғанды. Оқып отырып тіл тағдыры – ел тағдыры екендігін, ана тіліміз – біздің өткеніміз, бүгінгіміз бен болашағымыз екендігін одан сайын ұғына түсеміз. Ал, бүгінгінің шындығы ол көп ұлт тұратын мемлекетіміздің тұрақтығының кепіліне айналып келеді. Өзге ұлт өкілдері қазақ тілін білетіндігін мақтаныш тұта бастады. Жүсіп Баласағұн айтқан «Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік» дегені осы. Мемлекеттік тілдің мемлекеттік қызметтегі тынысы қаншалықты терең немесе «қақалып-шашалып» тұр дегенге келсек. Бұл тұста өңірлік ерекшеліктеріне қарай жер-жерлерде тілдің кемсітушілігі сезілмейді. Тіпті оңтүстік облыстарда құжаттандыруды жаппай мемлекеттік тілге көшіріп алған мемлекеттік мекемелер де бар. Бірақ сол құжаттар жоғарыға жөнелтілерде «шашалып» қалады. Себебі, орталық деңгейде құжаттарды орыс тілінде әзірлеп, оны қазақшаға аудару проблемасы әлі де орын алып отыр. Десе де, ауызды қу шүберекпен сүртуге болмайды. Мәселен, құжат жазуда дәлдік пен нақтылықты талап ететін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметінде де аударма есебінен жағдай біршама ілгері жылжыған. Бұл нені талап етеді? Әр мемлекеттік қызметші мәңгілік ел идеясына үлесімді қосамын десе тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылу үшін өзін-өзі қамшылауы керектігін ұғынуы керек. Қазақ тілінің ұлтаралық татулық тілі дәрежесіне көтеру керек. Біздің ана тіліміз оған әбден лайық. Ол үшін Елбасы тарапынан да, мемлекет тарапынан да барлық жағдай жасалған.

Үш тұғырлы тіл саясатында да мемлекеттік тілге басымдық беріп жатсақ, бізді сынап-мінемейді. Өзгелер үйренсін, біз соларды қолпаштап жүріп, өз тіліміздің дәрежесін көтеріп алайық, өзге тілді үйреніп өз мемлекетіміздің мүддесіне пайдаланайық. Өзге тіл арқылы өз мәденетімізді өзгеге таныстыра аламыз, өзгенің мәдениетін ұғып білеміз. Қазақстанның қарыштап өсуіне қомақты үлес қосамыз. Тіліміз мәңгілік елдің тіліне айналады, оның тағдыры сіз бен біздің қолымызда. Сіз, ана тілімізді мәңгілік тілге айналдыру туралы ойланып көрдіңіз бе?

А. Боранбай,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің

бас консультанты



Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика