Денсаулыққа салғырт қарауға болмайды. Шымкенттіктер тіркелген әрбір емханаларында скрингтік тексеруден өтіп тұрады. Скрингтік тексерілуде пациенттердің жасына байланысты өзгерістер енді. Енді 40 жас емес, 30 жастан басталады. Бұл өзгерістер көзішілік қысымды өлшеу және кардиолог, эндокринологқа қаралу бойынша болып отыр.
СКРИНГТІК ТЕКСЕРІЛУГЕ КЕЛЕСІ ТОПТАҒЫ АЗАМАТТАР ЖАТАДЫ:
30, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер
Қандағы холестерин мен қанттың деңгейін анықтау;
Көрсеткіш бойынша электрокардиография;
Көрсеткіш бойынша кардиолог пен эндокринологтың қарауы.
30, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер
Көзішілік қысымды өлшеу.
30,34, 35, 38, 40, 42, 45, 46, 54, 55, 58, 60, 62, 65, 66, 70 жастағы әйелдер
Патологиялық өзгерістің алдын алу үшін жатыр мойны сүртіндісін цитологиялық зерттеу;
Акушер-гинекологтың қарауы, көрсеткіш бойынша кольпоскопия.
40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64,68 және 70 жастағы әйелдер
Сүт безін рентгенологиялық зерттеу (маммография)
Көрсеткіш бойынша маммолог, онкологтың қарауы
50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер
Тоқ ішек ауруын ерте анықтауда нәжісті жасырын қанға тестілеу;
Көрсеткіш бойынша тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеуі.
Еске сала кетейік, Шымкентте емханаға тіркеу науөаны басталды. Екі айға созылатын дәстүрлі науқан қарашаның 15-іне дейін жалғасады. Тұрғындар кез келген емханаға «Egov» электронды веб-порталы арқылы тіркеле алады.
Науқан кезінде тіркелген азаматтар медициналық қызметті 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап алады. Ал биыл жыл аяғына дейін бұрын тіркеуде тұрған медициналық мекемеде қызмет көрсетіледі.
Бекітілген нормаға сәйкес, бір жалпы практикалық дәрігерге тіркелетін пациент саны 1700, аймақтық терапевтке 2200 адам, педиатрға 600 бала және 14 жасқа дейінгі 900 баладан аспауы қажет.
Leave a Reply